https://sputnik.kz/20230202/uqshu-nyn-bitimgershilik-bastamalaryna-qatysty-normativtik-quqyqtyq-baza-qayta-qaralady-31689716.html
ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бастамаларына қатысты нормативтік-құқықтық база қайта қаралады
ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бастамаларына қатысты нормативтік-құқықтық база қайта қаралады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұсынысы бойынша ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бастамаларын дамытуға қатысты нормативтік-құқықтық базасы қайта қаралады, деп... 02.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-02T15:30+0500
2023-02-02T15:30+0500
2023-02-02T15:30+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/old/1277/49/12774906_0:184:847:661_1920x0_80_0_0_e306ca54d4ceaed1efe5f0b0e5dfbaeb.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұсынысы бойынша ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бастамаларын дамытуға қатысты нормативтік-құқықтық базасы қайта қаралады, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құжаттарында бітімгершілік контингентінің ел аумағына кіруі үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы санкциясын талап ететін норма бар. Министр бұл норманы "артық" деп атады."Қазір біз Қазақстанның ұсынысына қолдау көрсетіп, осы келісімге сәйкес толықтырулар енгізіп жатырмыз. Себебі құжатта ҰҚШҰ бітімгершілік күштері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің келісімімен және санкциясымен ел аумағында орналастырылады деп көрсетілген. Бұл шектен шыққан талап. Өйткені ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің үкіметі сұраныс білдірсе жеткілікті. Дәл осындай жағдай өткен жылдың қаңтарында Қазақстанда болды. Сондықтан қазір біз ҰҚШҰ-ның бітімгершілік нормативтік-құқықтық базасына сәйкес нақтылау енгізіп жатырмыз", - деді ол.Ресей министрінің айтуынша, ҰҚШҰ әрқашан жедел әрекет етеді."Өткен жылдың қаңтарында ҰҚШҰ Қазақстан президентінен елдегі бүлікшілердің билікті құлату, ғимараттарды басып алу әрекеттері кезінде жағдайды тұрақтандыруға көмектесу туралы өтінішін алған кезде ҰҚШҰ бір күн ішінде тиісті әрекетке көшті", - деді Лавров.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1277/49/12774906_32:131:747:667_1920x0_80_0_0_2761855002932d3908552a929be2759f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бастамаларына қатысты нормативтік-құқықтық база қайта қаралады
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ұсынысы бойынша ҰҚШҰ-ның бітімгершілік бастамаларын дамытуға қатысты нормативтік-құқықтық базасы қайта қаралады, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров
РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құжаттарында бітімгершілік контингентінің ел аумағына кіруі үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы санкциясын талап ететін норма бар. Министр бұл норманы "артық" деп атады.
"Қазір біз Қазақстанның ұсынысына қолдау көрсетіп, осы келісімге сәйкес толықтырулар енгізіп жатырмыз. Себебі құжатта ҰҚШҰ бітімгершілік күштері БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің келісімімен және санкциясымен ел аумағында орналастырылады деп көрсетілген. Бұл шектен шыққан талап. Өйткені ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің үкіметі сұраныс білдірсе жеткілікті. Дәл осындай жағдай өткен жылдың қаңтарында Қазақстанда болды. Сондықтан қазір біз ҰҚШҰ-ның бітімгершілік нормативтік-құқықтық базасына сәйкес нақтылау енгізіп жатырмыз", - деді ол.
Ресей министрінің айтуынша, ҰҚШҰ әрқашан жедел әрекет етеді.
"Өткен жылдың қаңтарында ҰҚШҰ Қазақстан президентінен елдегі бүлікшілердің билікті құлату, ғимараттарды басып алу әрекеттері кезінде жағдайды тұрақтандыруға көмектесу туралы өтінішін алған кезде ҰҚШҰ бір күн ішінде тиісті әрекетке көшті", - деді Лавров.