Видео

Түркістан облысында құтқарушылар су басқан ауылдарға көмек көрсетіп жатыр – видео

Жазылу
Түркістан облысында Кентау, Түркістан қалалары және Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарын су басып жатыр
ТЖМ мәліметінше, бүгін, 2 ақпанда сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген. Салдарынан екі қала және үш ауданда үйлердің аулалары мен көшелер су астында қалды.
Құтқарушылар үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында және жаңбыр суын сору бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, қазір Кентау қаласында және Бәйдібек ауданында су деңгейі төмен түскен. Елді мекендерге қауіп жоқ.
"Тек Сауран ауданында судың ағуы және елді мекенге қауіп төндіріп тұрғаны байқалады. Түсіп жатқан ақпараттарға сәйкес, су басқан үйлер жоқ. Тек аулаларды су басқан. Зардап шеккендер жоқ", - деді Сарыбаев.
Төтенше жағдай салдарын жоюға ТЖ департаментінің 56 қызметкері, 10 техника, 20 мотопомпа, ал жергілікті атқарушы органдардан 280 қызметкер, 53 техника жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0