https://sputnik.kz/20230202/qazaqstan-ystyq-radiatsiya-tozimdi-kabelder-31680336.html
Қазақстанда алғаш рет ыстық пен радиацияға төзімді кабельдер шығарылады
Қазақстанда алғаш рет ыстық пен радиацияға төзімді кабельдер шығарылады
Sputnik Қазақстан
Кабельдік-өткізгіш өнімдердің жаңа түрлерін жасау технологиясын ЕҰУ ғалымдары ойлап тапты 02.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-02T11:55+0500
2023-02-02T11:55+0500
2023-02-02T11:55+0500
қоғам
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28138161_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_03cd4230eda0d66fc04a15363dd6a2ed.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы "Ядролық технологиялар паркі" АҚ өндірушілермен бірлесе радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабельдердің алғашқы қазақстандық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.ЕҰУ ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірлесе инертті ортада жоспарланған өңдеу технологиясына өзгерістер енгізіп, кабельдік өнімнің пайдалану қасиеттерін жақсартқан. Бұл өндіріс әдісі біздің елде қолданылмайды.Кабельдердің басты артықшылығы – жоғары температураға төзімділік."Кабельдік-өткізгіш өнімдерін жасайтын жергілікті өндірушілер тек оқшаулағыш қабатты пероксидті біріктіру әдісін қолданады. Біз "Қазэлектромаш" ЖШС-мен бірлесіп, Қазақстанда бірінші болып радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар кабельдік өнімнің мұнай-суасты және фотовольтаикалық түрін шығарамыз. Бұл оқшаулағыш полимердегі гель-фракцияның құрамын арттырады және кабель-өткізгіш өнімдерінің физикалық-механикалық сипаттамаларын - ыстыққа төзімділікті (теріс және оң температураларға), агрессивті ортаға төзімділікті (сілтілі, қышқылдық орта) және радиацияға төзімділікті жақсартуға мүмкіндік береді", - дейді "Ядролық технологиялар паркі" АҚ инженер-физигі, жоба жетекшісі Азат Нұрқасымов.Радиациялық модификацияланған оқшаулағыш қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабель пайдалы қазбаларды және баламалы энергия көздерін өндіруге арналған.Ғалымдар ғылыми жобаны коммерцияландыруды жоспарлап отыр. Өндірісті 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу көзделген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/03/28138161_210:0:1917:1280_1920x0_80_0_0_86925c7faadb9bfbf9cda4eacf0b875e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс
Қазақстанда алғаш рет ыстық пен радиацияға төзімді кабельдер шығарылады
Кабельдік-өткізгіш өнімдердің жаңа түрлерін жасау технологиясын ЕҰУ ғалымдары ойлап тапты
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы "Ядролық технологиялар паркі" АҚ өндірушілермен бірлесе радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабельдердің алғашқы қазақстандық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
ЕҰУ ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірлесе инертті ортада жоспарланған өңдеу технологиясына өзгерістер енгізіп, кабельдік өнімнің пайдалану қасиеттерін жақсартқан. Бұл өндіріс әдісі біздің елде қолданылмайды.
Кабельдердің басты артықшылығы – жоғары температураға төзімділік.
"Кабельдік-өткізгіш өнімдерін жасайтын жергілікті өндірушілер тек оқшаулағыш қабатты пероксидті біріктіру әдісін қолданады. Біз "Қазэлектромаш" ЖШС-мен бірлесіп, Қазақстанда бірінші болып радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар кабельдік өнімнің мұнай-суасты және фотовольтаикалық түрін шығарамыз. Бұл оқшаулағыш полимердегі гель-фракцияның құрамын арттырады және кабель-өткізгіш өнімдерінің физикалық-механикалық сипаттамаларын - ыстыққа төзімділікті (теріс және оң температураларға), агрессивті ортаға төзімділікті (сілтілі, қышқылдық орта) және радиацияға төзімділікті жақсартуға мүмкіндік береді", - дейді "Ядролық технологиялар паркі" АҚ инженер-физигі, жоба жетекшісі Азат Нұрқасымов.
Радиациялық модификацияланған оқшаулағыш қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабель пайдалы қазбаларды және баламалы энергия көздерін өндіруге арналған.
Ғалымдар ғылыми жобаны коммерцияландыруды жоспарлап отыр. Өндірісті 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу көзделген.