Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін не үшін жабады - министрлік жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Ресей әріптестігі
Қазақстан мен Ресей әріптестігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 ақпан - Sputnik. Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Ресеймен сауда ынтымақтастық форматын біршама өзгертіп жатыр.
"Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін ескере отырып, мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру аясында Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады сауда министрлігі. мәлімдемесінде айтылған.
Хабарланғандай, тиісті қаулының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.
"Бұл қазіргі уақытта қазақстандық бизнестің ресейлік бағытта жұмыс істеуі және барлық операциялық мәселені шешуі үшін институционалдық жағдай жасалғанымен байланысты", - деп түсіндірді сауда министрлігінде.
Бұл шешім Ресейдің Қазақстандағы сауда миссиясының жұмысына және жалпы бұған дейін орнатылған екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастыққа әсер етпейді, деп есептейді ведомство.
"Қазақстан мен Ресей Федерациясының сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша одан әрі жұмыс Ресейдің барлық ірі қаласы мен аймақтарындағы "QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ серіктес желісі арқылы да жалғасады", - делінген хабарламада.
Сауда министрлігінің мәліметінше, былтыр қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23,6 миллиард долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға жоғары.
2021 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 24,6 миллиард доллар болды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 31,2%-ке жоғары.
Қазақстан мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабуға ниетті
Жаңалықтар
0