https://sputnik.kz/20230202/osk-baytaq-zhane-respublica-partiyalaryna--barlyq-onirde-saylau-31681691.html
ОСК "Байтақ" және Respublica партияларына барлық өңірде сайлауға қатысуға рұқсат берді
ОСК "Байтақ" және Respublica партияларына барлық өңірде сайлауға қатысуға рұқсат берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" және Respublica партияларына Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға... 02.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-02T12:52+0500
2023-02-02T12:52+0500
2023-02-02T13:01+0500
партия
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31498150_0:67:1281:787_1920x0_80_0_0_8d3a5cf837680506bb73a485c152616a.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" және Respublica партияларына Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуға рұқсат берді. Бұл туралы комиссия отырысында айтылды. "Байтақ" Жасылдар партиясына" 15 өңірдегі мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берілді. Қазіргі уақытта басқа бірқатар өңірде партиялардың филиалдары құрылды. Respublica партиясы 19 өңірдегі мәслихат сайлауына жіберілді. Бүгінгі таңда Атырау облысында партия филиалы құрылды", - деп жазды өз баяндамасында ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы бірауыздан қабылданған шешіммен "Байтақ" Жасылдар партиясына мына өңірлердегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға рұқсат берді: Абай облысы, Жетісу облысы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы. Respublica партиясы Атырау облысы мәслихатының депутаттығына өз кандидаттарын ұсына алады. Бүгінде Қазақстанда тіркелген жеті партияның барлығы 19 наурызда өтетін парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясындағылар. Бұл Amanat партиясы, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, "Ауыл" халық-демократиялық патриоттық партиясы, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" Қазақстанның жасылдар партиясы және Respublica партиясы. Еске салсақ, мәжіліс сайлауы аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді – депутаттардың 70%-і партиялық тізім бойынша, 30%-і бір мандатты округтер бойынша сайланады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарында депутаттардың 50%-і мажоритарлық жүйе бойынша, 50%-і партиялық тізім бойынша сайланады. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйе бойынша өтеді. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін, тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпан күні сағат 18:00-ден 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 18 наурыз – Тыныштық күні. 19 наурызда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
https://sputnik.kz/20230202/deputattar-qansha-aqsha-zhumsalady-qarzhy-ministr-31674818.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1a/31498150_70:0:1209:854_1920x0_80_0_0_c613a7d0042140784322e10fba0f0532.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" және Respublica партияларына Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуға рұқсат берді. Бұл туралы комиссия отырысында айтылды.
"Байтақ" Жасылдар партиясына" 15 өңірдегі мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берілді. Қазіргі уақытта басқа бірқатар өңірде партиялардың филиалдары құрылды. Respublica партиясы 19 өңірдегі мәслихат сайлауына жіберілді. Бүгінгі таңда Атырау облысында партия филиалы құрылды", - деп жазды өз баяндамасында ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов.
Осылайша Орталық сайлау комиссиясы бірауыздан қабылданған шешіммен "Байтақ" Жасылдар партиясына мына өңірлердегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға рұқсат берді: Абай облысы, Жетісу облысы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.
Respublica партиясы Атырау облысы мәслихатының депутаттығына өз кандидаттарын ұсына алады.
Бүгінде Қазақстанда тіркелген жеті партияның барлығы 19 наурызда өтетін парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясындағылар.
Бұл Amanat партиясы, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, "Ауыл" халық-демократиялық патриоттық партиясы, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" Қазақстанның жасылдар партиясы және Respublica партиясы.
Еске салсақ, мәжіліс сайлауы аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді – депутаттардың 70%-і партиялық тізім бойынша, 30%-і бір мандатты округтер бойынша сайланады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарында депутаттардың 50%-і мажоритарлық жүйе бойынша, 50%-і партиялық тізім бойынша сайланады. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйе бойынша өтеді.
Кандидаттарды ұсыну мерзімі 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін, тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпан күні сағат 18:00-ден 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
18 наурыз – Тыныштық күні.
19 наурызда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.