Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавровпен сұхбат: әскери операция қарқыны, геосаяси ахуал, Ресеймен тату елдер туралы

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров во время интервью генеральному директору медиагруппы "Россия сегодня" Дмитрию Киселев
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров во время интервью генеральному директору медиагруппы Россия сегодня Дмитрию Киселев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Россия 24" телеарнасы және РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында арнайы әскери операцияның қазіргі қарқыны, Батыстың антиресейлік әрекеті, әлемдегі геосаяси ахуал және басқа да жаһандық мәселелер туралы айтты.
"Ресей геосаяси күрестің ортасында тұр. Бұған еш күмән жоқ. Қазір АҚШ үстемдігіне қарсылық танытып жатқандар адамзат баласы үшін үлкен игі істерге бастамашы болып отыр. 1812 немесе 1941 жылдары бүкіл әлемді өзіне бағындыруды көздеген тараптар құрлықтардың басым бөлігін Ресейге қарсы қоюға тырысты. Ұлы Отаан соғысы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де орыстарға қарсы нацистік идеология қолданылды. Ал дәл қазір Киев режимінің негізінде де дәл осы идеологияжатқанын неге көбісі байқамайды?", - деді Лавров.
Ресейдің сыртқы істер министрі АҚШ Еуроодаққа да өз үстемдігін жүргізіп отырғанын айтты. Сондай-ақ Лавров Украинадағы арнайы әскери операцияның бір жылдығына орай материалдар дайындалып жатқанын мәлімдеді.
"Қазір Батыс Киев режимімен бірлесіп, арнайы әскери операцияның бір жылдығына орайластырып бірқатар шара ұйымдастырып жатқанынан хабардармыз. Сондықтан біздің дипломатия бұл әлемдік қауымдастықтың назарын аударатын жалғыз іс-шара болмауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Осы бір жыл ішінде болған оқиғалар туралы есепті біз де дайындап жатырмыз. Бұл осыған дейін жарияланған АҚШ-тың Украинадағы әскери-биологиялық бағдарламалары және АҚШ-тың "Солтүстік ағын" газ құбырларын жаруға қатысы бар екені туралы материалдар ғана емес, басқа да ақпарат", - деді Лавров.
Ресейлік сыртқы саяси ведомство басшысының айтуынша, Батыс Орталық Азияда да өз ықпалын жүргізіп, Ресей мен оған іргелес елдердің арасына жік түсіруге деген талпынысы жүзеге аспағанын айтты. Себебі Ресеймен одақтас елдер, стратегиялық серіктестері Батыс әрекетінің түп мақсатын анық түсініп отыр, дейді Лавров.
"Жалпы Батыстың Орталық Азияда өз ықпалын орнатуға деген ұмтылысын біз көрші елдермен сыртқы істер министрлігі, қауіпсіздік қызметтерінің желісі бойынша ашық талқылаймыз. Себебі бұл мемлекеттердің қауіпсіздігіне тікелей байланысты", - деді РФ министрі.
Сергей Лавров Мәскеу өзінің ҰҚШҰ бойынша серіктестеріне Украинадағы операцияға байланысты көмек сұрамағанын да айтты.
"Біз ешкімге мұндай өтінішпен жүгінген жоқпыз. Бізде арнайы әскери операцияның міндеттерін орындауға, төңкерістен кейін Украина режимі арқылы Батыс бастаған соғысты тоқтатуға қажеттінің бәрі бар екеніне сенімдіміз", - деді ол.
Ресейлік министр РФ-ның Арменияда ҰҚШҰ миссиясын орналастыру туралы ұсынысы әлі де өзекті екенін, егер Армения осыны қаласа, миссияны бір-екі күн ішінде ел аумағында орналастыруға болатынын мәлімдеді.
Лавровтың пікірінше, бүкіл НАТО Ресейге қарсы соғысып жатыр. Сондықтан батыстағылардың "біз соғысып жатқан жоқпыз, тек қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатырмыз" деген уәжі күлкілі.
"Россия 24" телеарнасы және РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Лавров Қытайдың батыстық қаржылық механизмдерден тәуелділігін бәсеңдетіп жатқаны туралы пікірімен де бөлісті.
"Қытай бір жарым триллион долларға америкалық құнды қағаздарды сатып алуы Бейжіңнің сыртқы қаржылық жүйеге тереңдеп енгенін аңғартады. Бірақ қазір Қытай бұл тәуелділікті бәсеңдетуді қолға алғаны анық байқалады. Оған әлемдік валютаны үйлестіруші ретінде АҚШ ықпалынан құтылу мақсатында параллельді қаржылық жүйелер мен механизмдер құру үшін ұзақ уақыт қажет болады", - деді Лавров.
Жаңалықтар
0