https://sputnik.kz/20230202/kolik-zhurgizudi-armandap-zhurgen-astanalyqtar-alayaqqa-aldandy-31701227.html
Көлік жүргізуді армандап жүрген астаналықтар алаяққа алданды
Көлік жүргізуді армандап жүрген астаналықтар алаяққа алданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Астанада жүргізуші куәлігін сатып алмақшы болған ондаған адам алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz... 02.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-02T20:43+0500
2023-02-02T20:43+0500
2023-02-02T20:43+0500
жүргізуші куәлігі
https://sputnik.kz/img/1248/01/12480104_116:0:3000:1622_1920x0_80_0_0_8fc35bf0afd4f19f96306505f34b8187.jpg
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Астанада жүргізуші куәлігін сатып алмақшы болған ондаған адам алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Сарыарқа аудандық полиция бөліміне 13 адам арыз түсірді. Барлығы Telegram-да алаяқтарға алданғанын мәлімдеді. Ол жерде алаяқтар мемлекеттік органдарда таныс адамы барын айтып, емтихансыз жүргізуші куәлігін алып береміз деп сендірген. Ол үшін мамандандырылған ХҚКО-да жауаптарды кездейсоқ басу арқылы тест тапсыру жеткілікті болған. Жәбірленушілер дәл солай істеген. Бірақ тестің оң нәтижесі шықпаған.Оған дейін жәбірленушілер мобильді банкинг арқылы алаяқтарға 50-ден 360 мың теңгеге дейін ақша аударған. Қазіргі кезде алданған адамдардың саны 20-ға жетті.Жедел іздестіру шаралары барысында 27 және 33 жастағы екі ер адам ұсталды. Қылмыстық топ онлайн режимінде басқа адамдардың атына банк карталарын рәсімдеген. Ал 16 жастағы оқушы оларға ірі сауда орталықтары мен гипермаркеттерде тұрған банкоматтардан ақшаны алып беріп отырған.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін істі болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1248/01/12480104_585:0:2748:1622_1920x0_80_0_0_7a6b7393fe462b2112a2a18fdc281a17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі
Көлік жүргізуді армандап жүрген астаналықтар алаяққа алданды
АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Астанада жүргізуші куәлігін сатып алмақшы болған ондаған адам алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына
сілтеме жасап.
Сарыарқа аудандық полиция бөліміне 13 адам арыз түсірді. Барлығы Telegram-да алаяқтарға алданғанын мәлімдеді. Ол жерде алаяқтар мемлекеттік органдарда таныс адамы барын айтып, емтихансыз жүргізуші куәлігін алып береміз деп сендірген. Ол үшін мамандандырылған ХҚКО-да жауаптарды кездейсоқ басу арқылы тест тапсыру жеткілікті болған. Жәбірленушілер дәл солай істеген. Бірақ тестің оң нәтижесі шықпаған.
Оған дейін жәбірленушілер мобильді банкинг арқылы алаяқтарға 50-ден 360 мың теңгеге дейін ақша аударған. Қазіргі кезде алданған адамдардың саны 20-ға жетті.
Жедел іздестіру шаралары барысында 27 және 33 жастағы екі ер адам ұсталды. Қылмыстық топ онлайн режимінде басқа адамдардың атына банк карталарын рәсімдеген. Ал 16 жастағы оқушы оларға ірі сауда орталықтары мен гипермаркеттерде тұрған банкоматтардан ақшаны алып беріп отырған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін істі болған.