Машина жасаудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр

© Photo : пресс-служба ассоциации Railways Systems KZАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда машина жасау саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Қазіргі уақытта кешенді жоспарды әзірлеу үшін саланың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізіліп, түйткілді мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдары қарастырылып жатыр. Әсіресе, саладағы кадр мәселесі өзекті болып тұр.
"Бүгінде отандық машина жасау өнеркәсібі жоғары білікті кадрлардың тапшылығы мәселесіне тап болды, енді біз бұл проблеманы шұғыл шешуіміз қажет", - деді автомобиль, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов.
Кадр мәселесін шешу үшін кәсіпорын өкілдері оқу және ғылыми ұйымдар арасында тікелей байланыс орнатуды, сонымен бірге орта кәсіптік білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуді ұсынып отыр.
Сонымен қатар техниканы жобалау және шығару кезінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, экспорттық мүмкіндіктерді дамыту, бизнес тарапынан қарсы міндеттемелер болған жағдайда шикізат пен материалдарды, сондай-ақ жабдықтарды сатып алуға субсидиялар беру мәселесін көтерді.
Жоспардың негізгі мақсаты – нақты өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін өндіру, экспортты арттыру және машина жасау саласындағы дайын өнім импортын азайту.
Жаңалықтар
0