Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киевке танктер жөнелту НАТО жеңілісінің ауқымын арттырады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСитуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области
Ситуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
Жазылу
Арнайы әскери операция аумағында ресейлік әскердің үстемдігі тұрақты, ал Украина Қарулы күштерінің жағдайы мәз емес. Сондықтан Вашингтонға НАТО елдерінің Киев режиміне қару-жарақ жеткізілімдерін келісуі күрделеніп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украинадағы әскери іс-қимылдың стратегиялық тығырыққа тірелуі АҚШ пен альянсқа Ауғанстаннан кейінгі геосаяси жеңіліске жақындатып жатыр. Украина Қарулы күштеріне батыс қаруы неғұрлым көбірек жеткізілсе, НАТО жеңілісі соғұрлым ауқымды болады.
Ауыр шығындардың орнын толтыру және "шығыс майданда" қарсы шабуылға көшу үшін Киев режимі Батыстан кемінде 300 танк, 500 жаяу әскер машинасын және НАТО стандарты бойынша 200 жойғыш ұшақты талап етіп отыр. Танктер мен жаяу әскерге арналған әскери машина бойынша Вашингтон мен оның одақтастары ұзақ пікірталастан кейін бір мәмілеге келіп, қазір бұл техника ақырындап украин жеріне қарай жеткізіле бастады.
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, майданның түйісу шебінде ай сайын орта есеппен Украина Қарулы күштеріне тиесілі 700 броньдалған техника, соның ішінде үштен бір бөлігі танктер қиратылады. Сондықтан жаңа жеткізілімдер әскери іс-қимылдың барысына әсер ете алмайды. Украин танкистері танк соғысының заманауи тактикаларын меңгермеген. Ал негізгі теориялар мен тәжірибені үйренуге, әскери интеграция орнатуға бірнеше жыл қажет.
Украинаның әскери іс-қимыл театрында НАТО-ның жойғыш ұшақтарына қатысты ахуал тіпті күрделі. Ұшу құрамын дайындау, жауынгерлік тактика, орналасу аэродромдары, техникалық қызмет көрсету және жанармай логистикасы Украина Қарулы күштері мен НАТО үшін шешілмейтін мәселелер кешені болып отыр. Ал Пентагон F-16 ұшағын Украинаға жіберуді талап етуде.
Париж бен Амстердам да жойғыш ұшақтарын жөнелтуді жоққа шығармады. Варшава да өз иелігіндегі F-16 техникасын Киевке беруге дайын. Германия канцлері Олаф Шольц әдеттегідей нақты шешім айтқан жоқ. Бірақ Мюнхен қауіпсіздік конференциясының басшысы Кристоф Хойсген жойғыш ұшақтарға қатысты идеяны қолдап отыр. Еуропарламенттегілер де "Ресей қауіп төндіріп отыр, сондықтан оны біржола жою керек" деген ұстанымға берік. Тек Америка президенті Джо Байден Украинаға F-16 ұшағын жеткізуден үзілді-кесілді бас тартты.
"Батыста ресейлік жойғыш ұшақтар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жаудың кез келген техникасын құлатуға қабілетті деген түсінік қалыптасты. Себебі арнайы әскери операция аймағында Украина Қарулы күштерінің 380-нен астам ұшағы мен 200 тікұшағы жойылды", - деп жазды Хроленко.
Жақында Артемовск/Бахмутқа барған бұрынғы бас прокурор Юрий Луценконың айтуынша, Украина Қарулы күштері өте қиын жағдайға тап болды және "максималды мобилизациясыз" Украина оңбай жеңіліске ұшырауы мүмкін. Дегенмен майданға жұмылдырылған украин азаматтарының көбі соғыс даласында бірден ажал құшып жатыр. Себебі арнайы дайындықсыз, соғысу қабілетін меңгермеген қарапайым азаматтың майдан даласындағы жауынгер санын көбейткенімен, армияға тиімділік әкелмейді.
Ресей артиллериясының оқ атудағы бірнеше еселенген үстемдігі майдандағы түйісу шебінде украин әскерін жаппай қырып-жоюға мүмкіндік береді. АҚШ пен НАТО-да нақты стратегия жоқ, одан әрі не боларын ешкім білмейді. Альянс елдері Ресейдің ядролық арсеналына алаңдап отырғаны белгілі. АҚШ армиясы штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли жақын болашақта Украина үшін сәтті әскери жол көріп отырмағанын мойындады.
Хроленконың пікірінше, ресейлік әскердің жердегі және аспандағы басымдығы сөзсіз. Тіпті Киевке 300 километрге дейін ұшатын ATACMS зымырандарының жеткізілуі де тараптардың күшін тепе-тең етпейді. Альянстың Украинадағы барлық күш-жігері, ондаған миллиард доллар мен еуро босқа жұмсалды.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Мәскеу "қару-жарақ пен оқ-дәрі өндірісін белсенді түрде арттырып", арнайы әскери операция аймағындағы ресейлік әскерді жаңа шабуылға дайындап жатыр. Қазір Ресей мен НАТО-ның термоядролық соғысының қаупі күн сайын артып жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0