https://sputnik.kz/20230201/buryngy-ekologiya-ministri-zhana-qyzmetke-tagayyndaldy-31638719.html
Бұрынғы экология министрі жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы экология министрі жаңа қызметке тағайындалды
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып... 01.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-01T12:44+0600
2023-02-01T12:44+0600
2023-02-01T12:44+0600
қоғам
экология
министр
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/06/30038590_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_47859fdb963cb0efca91edfc34aa783d.png
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.Серікқали Брекешев газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді.Ол 2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтар аралығында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқарған еді.Әртүрлі жылдары "ҚазТрансГаз" АҚ-да техникалық саясат департаментінің директоры, ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары; мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры болды, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да және "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ-да инженерлік-техникалық позицияларда қызмет атқарды.Тағы бір жаңа орынбасарСондай-ақ Қуаныш Құдайбергенов те "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі мұнай-газ жобаларына жетекшілік етеді.Қуаныш Құдайбергенов әр жылдары "Интегра" ЖАҚ-да бұрғылау жөніндегі инженер, "ҚазМұнайТеңіз" ТМК" АҚ-да техникалық маман, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да ірі мұнай-газ жобаларын дамыту департаментінің менеджері болды, "Ромпетрол C.A", "КМГ-Кансу Оперейтинг" ЖШС-да басқарушы лауазымдарды атқарды.2017-2021 жылдары энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.2021 жылғы маусымнан 2023 жылғы қаңтар аралығында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді."Самұрық-Қазына" қоры бұған дейін осы қызметті атқарған Мұрат Мұнбаев өз еркімен желтоқсан айында жұмыстан кеткенін нақтылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/06/30038590_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_26145e9b1c82270c0867e1a474e1a14d.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
экология, министр
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.
Серікқали Брекешев газ жобаларын дамытуға жетекшілік етеді.
Ол 2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтар аралығында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқарған еді.
Әртүрлі жылдары "ҚазТрансГаз" АҚ-да техникалық саясат департаментінің директоры, ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары; мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры болды, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да және "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ-да инженерлік-техникалық позицияларда қызмет атқарды.
Тағы бір жаңа орынбасар
Сондай-ақ Қуаныш Құдайбергенов те "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі мұнай-газ жобаларына жетекшілік етеді.
Қуаныш Құдайбергенов әр жылдары "Интегра" ЖАҚ-да бұрғылау жөніндегі инженер, "ҚазМұнайТеңіз" ТМК" АҚ-да техникалық маман, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да ірі мұнай-газ жобаларын дамыту департаментінің менеджері болды, "Ромпетрол C.A", "КМГ-Кансу Оперейтинг" ЖШС-да басқарушы лауазымдарды атқарды.
2017-2021 жылдары энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2021 жылғы маусымнан 2023 жылғы қаңтар аралығында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
"Самұрық-Қазына" қоры бұған дейін осы қызметті атқарған Мұрат Мұнбаев өз еркімен желтоқсан айында жұмыстан кеткенін нақтылады.