Салондағы "кезектің" автокредит бағдарламасына қатысы жоқ – Ғаппаров

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарма мүшесі Ринат Ғаппаров автосалондағы "кезектің" жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанада электронды кезектің платформасы таныстырылды. Келесі аптадан бастап 4 проценттік автокредитке өтінім арнайы сайтта қабылданады. Осы орайда журналистер бұған дейінгі кезектер туралы сұрады. Бағдарлама басталғанда әрбір салон өз кезегін жасады. Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарма мүшесі Ринат Ғаппаровтың айтуынша, жеңілдетілген автокредиттің кезегі енді басталады.
"Өнеркәсіпті дамыту қорының жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша кезектер банкте де, автосалонда да жоқ, болған емес. Автосалонда көлік алуға кезекке тұрады. Ол жерде берілетін төлем есепшоты бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бермейді. Бағдарламаға қатысу үшін жаңа механизм жасалды, арнайы платформада тіркелу керек. Ал төлем есепшоты көліктің бар-жоғын растау үшін ғана беріледі. Оны қолма-қол ақшаға да, коммерциялық кредитке де, Қазақстан даму банкінің жеңілдетілген автокредитіне (бұрынғы бағдарлама – Sputnik) де алуға болады", - деді Ғаппаров жаңа платформаны таныстыру рәсіміне арналған брифингте.
Ал Қазақстан даму банкінің бас менеджері Еркебұлан Қияқовтың айтуынша, автосалондарда жасалған кезек бұзылмайды.
"Қазір біз бағдарлама аясында игерілетін ақшаға кезек жасап отырмыз. Автосалонда жасалған кезектер қала береді. Онымен жеңілдетілген кредитті жылдам алуға мүмкіндік болады. Мысалы, сіз порталда электронды кезекке тіркелсеңіз, автосалонда көлікті кезексіз тезірек алуға мүмкіндік болады", - деп түсіндірді Қияқов.
Айта кетері, 6 ақпанда сағат 10:00-де autonesie.kz сайтында жеңілдетілген автокредитке электронды кезек ашылады. Өтінімді компьютер арқылы беру керек. Әрбір адам өзінің электронды цифрлық қолтаңбасын қолданады. Сондықтан компьютерде NCALayer бағдарламасы болуы қажет.
Ақпан айында 761 өтінім қабылданады. Себебі револьверлік қаржының көлемі 7,6 миллиард теңгені құрайды. Ал автокредиттің шекті сомасы – 10 миллион теңге. Келесі айдан бастап 100 өтінім қабылданады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
"Көлікті салонда таңдайсыз": автокредитке кезекке тұру тәртібі жарияланды
Жаңалықтар
0