Автокөлікпен жанар-жағармай әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда автокөлікпен жанар-жағармай әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылды. Бұйрық бүгін күшіне енді, оған сәйкес, тағы жарты жыл бойы жанар-жағармайды көлікпен алып кетуге болмайды.
2022 жылдың 12 шілдесінде Қазақстаннан жанармай әкетуге эмбарго енгізілді. Тыйым бір жыл бойы, 12 қаңтарға дейін созылды және майлауыш майларды қоспағанда, бензинге, дизель отынына және мұнай өнімдерінің кейбір басқа түрлеріне қатысты болды. Дегенмен көлік өндірушінің стандарттарына сәйкес келетін бензин багында жанармай әкетуге тыйым салынбады.
Бұл шектеулердің барлығы тағы алты айға, яғни 2023 жылдың 1 тамызына дейін қайтадан күшіне енді.
Үкімет сонымен қатар отын және мұнай өнімдерін басқа көлік түрлерімен әкетуге төрт айға тыйым салуды жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық 31 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауда болды.

Неліктен жанармай әкетуге тыйым салынды?

Тыйым ұлттық экономиканың дамуының тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету және ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін енгізілді. Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Сондықтан транзит жүргізушілері, жергілікті тұрғындар және көршілес шекаралас аудандардың тұрғындары жанар-жағармайды сату үшін әкетуге тырысады. Билік жанармай тапшылығы болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Жаңалықтар
0