https://sputnik.kz/20230201/atyrauda-7-zhastagy-ul-balany-ogey-akesinin-agasy-zabirlegen-31638608.html
Атырауда 7 жастағы ұл баланы өгей әкесінің ағасы зәбірлеген
Атырауда 7 жастағы ұл баланы өгей әкесінің ағасы зәбірлеген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Атырауда 7 жастағы ұл бала туысынан зәбір көрді, деп хабарлады "Немолчи" қоғамдық қоры. 01.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-01T11:28+0500
2023-02-01T11:28+0500
2023-02-01T11:28+0500
педофил
https://sputnik.kz/img/781/88/7818827_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_b9c5c4f3bbfdef9e4eb5712f36848eea.jpg
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Атырауда 7 жастағы ұл бала туысынан зәбір көрді, деп хабарлады "Немолчи" қоғамдық қоры.Қордың мәліметінше, жеткіншекті өгей әкесінің ағасы сексуалдық қатынасқа мәжбүрлеген. Туысының қандай әрекет жасағаны туралы көрсетіп, түсіндіріп берген баланың жаға ұстатарлық бейнежазбасын анасы қоғамдық қорға жіберген.Әйел бұған дейін де қайын жұртынан әлімжеттік көріп келген. Туыстары мен күйеуі үнемі ұрып-соққан. Тіпті әйел жүкті кезінде де осындай агрессияға тап болған.Мұндай азапқа шыдамаған әйел суицид жасамақ болған. Абырой болғанда дәрігерлер аман алып қалған. Бала болған оқиғаны айтуға қорыққан. Бірақ келіншек бір сұмдықтың болғанын сезіп, үйінен қашып, полицияға арыз берген.Атырау облысының полиция департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне осы жағдайға қатысты арыз түскенін растады. Алайда сот санкциясы болмағандықтан күдікті әлі күнге қамауға алынбапты."Тергеу басқармасы "Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот санкция берген жоқ, сол себепті күдікті қамауға алынған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/88/7818827_124:0:3684:2670_1920x0_80_0_0_5901fa88effd1bcbeae6aa7151537b0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
педофил
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Атырауда 7 жастағы ұл бала туысынан зәбір көрді, деп хабарлады "Немолчи" қоғамдық қоры.
Қордың мәліметінше, жеткіншекті өгей әкесінің ағасы сексуалдық қатынасқа мәжбүрлеген. Туысының қандай әрекет жасағаны туралы көрсетіп, түсіндіріп берген баланың жаға ұстатарлық бейнежазбасын анасы қоғамдық қорға жіберген.
Әйел бұған дейін де қайын жұртынан әлімжеттік көріп келген. Туыстары мен күйеуі үнемі ұрып-соққан. Тіпті әйел жүкті кезінде де осындай агрессияға тап болған.
Мұндай азапқа шыдамаған әйел суицид жасамақ болған. Абырой болғанда дәрігерлер аман алып қалған. Бала болған оқиғаны айтуға қорыққан. Бірақ келіншек бір сұмдықтың болғанын сезіп, үйінен қашып, полицияға арыз берген.
Атырау облысының полиция департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне осы жағдайға қатысты арыз түскенін растады. Алайда сот санкциясы болмағандықтан күдікті әлі күнге қамауға алынбапты.
"Тергеу басқармасы "Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот санкция берген жоқ, сол себепті күдікті қамауға алынған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.