Елорда тынысы

Астанада Сталинград шайқасына арналған көрме ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевАстанада Сталинград шайқасына арналған көрме ашылды
Астанада Сталинград шайқасына арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
Жазылу
Сталинград шайқасының аяқталғанына 80 жыл толуына орай Орыс үйінде қазақстандық жауынгерлердің құрметіне фотокөрме ашылды
АСТАНА, 1 ақпан - Sputnik. Елордада "Сталинград үшін қазақстандық жауынгерлердің шайқасы" атты көрме ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экспозицияны Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің тапсырысы бойынша "Сталинград шайқасы" мұражай-қорығы дайындады. Материалдарда екінші дүниежүзілік соғыстың ең қанды шайқастарының бірінің тарихи кезеңі сипатталған.
"2020 жылы біз кейіпкерлеріміздің фотосуреттері мен әңгімелері электронды форматта ұсынылған сайтты дайындадық. Әлеуметтік желілерде азаматтардан туыстары туралы ақпаратпен базаны толықтыру туралы өтініштер көп болды. Нәтижесінде біз көптеген жаңа оқиғаyы, бұрын белгісіз болған талай ержүрек жауынгерлеріміздің есімдерін білдік", - деді "Русский дом" мәдени және ағартушылық бағдарламаларының жетекшісі Ольга Скальчук.
Көрме есігі 10 ақпанға дейін ашық. 2 ақпанда Сталинград шайқасы аяқталған күні көрме Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында көрермен назарына ұсынылады. Бұдан әрі экспозиция Шығыс Қазақстан облысының қалаларында ашылады.
1942 жылы 19 қараша Ұлы Отан соғысында Сталинград маңындағы кеңес әскерлерінің қарсы шабуылының арқасында тойтарыс болды. Шайқас алты жарым айға созылды. Қызыл Армияның 500 мыңға жуық жауынгері қаза тапты.
Сталинград шайқасына Қазақстанда құрылған тоғыз дивизия – үш гвардиялық атқыштар дивизиясы, 292-ші және 387-ші атқыштар дивизиясы, 81-ші атқыштар дивизиясы, 74-ші теңіз атқыштар дивизиясы, 129-шы миномет полкі және 156-шы жеке мотоқұрылыс батальоны қатысты. Бұл шайқасқа Ақмолада құрылған 29-шы атқыштар дивизиясының, 38-ші атқыштар дивизиясының, 27-ші гвардияның, 292-ші атқыштар дивизиясының, 81-ші Жамбыл атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен офицерлері қатысты.
Сталинградты жаудан азат етуде төрт қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды.
Жаңалықтар
0