https://sputnik.kz/20230201/almatyda-adilet-salasy-mamanymyz-dep-aldaytyn-alayaqtar-kobeygen-31642028.html
Алматыда "әділет саласы маманымыз" деп алдайтын алаяқтар көбейген
Алматыда "әділет саласы маманымыз" деп алдайтын алаяқтар көбейген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Алматыда өзін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген. Осыған байланысты қалалық әділет... 01.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-01T13:10+0500
2023-02-01T13:10+0500
2023-02-01T13:40+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_51ec1215ef4d6f2a009c140607e19955.jpg
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Алматыда өзін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген. Осыған байланысты қалалық әділет департаментінің өкілдері шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Атқару өндірісін қамтамасыз ету жөніндегі бөлім басшысы Әнуар Жексеновтың айтуынша, алаяқтар телефон арқылы өзін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, қаржысын сыпырып алады.Әрі қарай алаяқтар алданған жәбірленушілерге өзін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, телефон шалады, алаяқтардың ұсталғаны туралы хабарлайды, жалған куәліктер береді және өтемақы төлеуге уәде береді. Алайда алдын ала комиссия түрінде төлем талап етеді.Әділет департаменті материалдық-қаржылай өтемақы төлемейтінін ескертті."Осындай фактілер өткен жылдың желтоқсан айының басынан тіркеле бастады. Әділет департаменті Алматы қаласының полиция департаментіне барлық дәлелмен арыз жолдады, қазіргі уақытта арыз тергеу сатысында тұр. Соған қарамастан, алаяқтар күні бүгінге дейін адамдарды алдап келеді", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев.Ведомство өкілдері тұрғындарды өз туыстарына, достары мен таныстарына алаяқтық фактілері туралы ескертуге, алаяқтардың арандатушылықтары мен үгіттеріне сенбеуге шақырды.Осындай оқиғалар болған жағдайда +77772522323 телефонына хабарласып, Алматы қаласы әділет департаментінің қазіргі қызметкерлері туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар қызметкерлердің тізімі департаменттің ресми сайтында жарияланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_3978b1782a630e952e118f2eb74dc327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Алматыда өзін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген. Осыған байланысты қалалық әділет департаментінің өкілдері шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Атқару өндірісін қамтамасыз ету жөніндегі бөлім басшысы Әнуар Жексеновтың айтуынша, алаяқтар телефон арқылы өзін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіріп, қаржысын сыпырып алады.
"Арам пиғылды алаяқтар жалған өнімді интернет, әлеуметтік желі арқылы жоғары бағамен сату схемасы арқылы жасайды. Ал алданған тұрғындармен келісім жасалғаннан кейін барлық телефонды өшіреді", - деп түсіндірді Әнуар Жексенов.
Әрі қарай алаяқтар алданған жәбірленушілерге өзін әділет департаментінің қызметкері ретінде таныстырып, телефон шалады, алаяқтардың ұсталғаны туралы хабарлайды, жалған куәліктер береді және өтемақы төлеуге уәде береді. Алайда алдын ала комиссия түрінде төлем талап етеді.
Әділет департаменті материалдық-қаржылай өтемақы төлемейтінін ескертті.
"Осындай фактілер өткен жылдың желтоқсан айының басынан тіркеле бастады. Әділет департаменті Алматы қаласының полиция департаментіне барлық дәлелмен арыз жолдады, қазіргі уақытта арыз тергеу сатысында тұр. Соған қарамастан, алаяқтар күні бүгінге дейін адамдарды алдап келеді", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Алмас Бекботаев.
Ведомство өкілдері тұрғындарды өз туыстарына, достары мен таныстарына алаяқтық фактілері туралы ескертуге, алаяқтардың арандатушылықтары мен үгіттеріне сенбеуге шақырды.
Осындай оқиғалар болған жағдайда +77772522323 телефонына хабарласып, Алматы қаласы әділет департаментінің қазіргі қызметкерлері туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар қызметкерлердің тізімі департаменттің ресми сайтында жарияланған.