https://sputnik.kz/20230131/ulttyq-qordan-balalardyn-shotyna-audarylatyn-aqshaga-salyq-salynbaydy-31606692.html
Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын ақшаға салық салынбайды
Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын ақшаға салық салынбайды
Sputnik Қазақстан
Егер бала 18 жасқа дейін азаматтығын өзгертсе, жеке шотта жиналған ақшаны ала алмайды 31.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-31T10:49+0500
2023-01-31T10:49+0500
2023-01-31T10:49+0500
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 1Ұлттық қор – балаларға1 жобасы қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол бағдарлама 2024 жылдан бастап іске асырылатынын атап өтті. Бала 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-і түсіп тұрады. Бүгінде министрліктің есебі бойынша жобаға 6,5 млн бала қатысады.Сондай-ақ егер қазақстандық бала азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың табысынан жиналған ақшасын ала алмайды. Оның шотындағы қаражат қалған балалар арасында қайта бөлінеді."Бала шетелге шыға алады. Егер ол азаматтығын өзгертпесе, ақша сол күйі сақталады. Егер басқа азаматтық алса, онда шотындағы қаржы оған берілмейді", - деп түсіндірді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар
Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын ақшаға салық салынбайды
Егер бала 18 жасқа дейін азаматтығын өзгертсе, жеке шотта жиналған ақшаны ала алмайды
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 1Ұлттық қор – балаларға1 жобасы қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол бағдарлама 2024 жылдан бастап іске асырылатынын атап өтті. Бала 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-і түсіп тұрады. Бүгінде министрліктің есебі бойынша жобаға 6,5 млн бала қатысады.
"Егер Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс мәнде қалыптасса, не болады? Біз осы мәселені де талқыладық. Сол себепті біз тек бір жылдың ғана кірісін алмаймыз. 18 жылдағы орташа жылдық табысты аламыз. Өйткені ол әрқашан оң мәнде қалыптасады. Бала он сегіз жасқа толғаннан кейін алатын ақшаға салық салынбайды", - деді Қуантыров үкімет кулуарында.
Сондай-ақ егер қазақстандық бала азаматтығын өзгертсе, ол Ұлттық қордың табысынан жиналған ақшасын ала алмайды. Оның шотындағы қаражат қалған балалар арасында қайта бөлінеді.
"Бала шетелге шыға алады. Егер ол азаматтығын өзгертпесе, ақша сол күйі сақталады. Егер басқа азаматтық алса, онда шотындағы қаржы оған берілмейді", - деп түсіндірді министр.