Таразда суицид жасағысы келген студент қыздың жағдайы ауыр – дәрігерлер

© Sputnik / Абзал КалиевДәрітамызғыш
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында өз-өзіне қол салғысы келген студент қыз аман қалды. Бірақ денесінің сау-тамтығы қалмаған. Оған бірнеше ота жасау керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде 19 жастағы қыздың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оны тыныс алу аппаратына қосқан, сөйлей алмайды. Дәрігерлермен хат арқылы тілдеседі.
"Ол есін жиды, бірақ әлі жағдайы ауыр. Басынан, кеудесінен жарақат алған, жақ сүйегі, жамбасы сынған", - дейді көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі Ғамзат Мұсаев.
Дәрігерлер науқастың аяққа тұрып кететініне сенімді. Бірақ ұзақ емделуі керек.
Өмірден баз кешкен бойжеткен қаладағы қараусыз тұрған ғимаратта өз-өзіне қол салған. Оның не үшін мұндай қадамға барғанын қазір полицейлер анықтап жатыр. Бойжеткен хат жазып қалдырған. Онда ата-анасынан үмітін ақтамағаны үшін кешірім сұраған. Бүгін студент қызға ота жасалады.
Жаңалықтар
0