https://sputnik.kz/20230131/sqo-da-zhidek-terip-zhurgen-ayelge-oq-tidi-ukim-shyqty-31628191.html
СҚО-да жидек теріп жүрген әйелге оқ тиіп көз жұмды - үкім шықты
СҚО-да жидек теріп жүрген әйелге оқ тиіп көз жұмды - үкім шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді абайсызда өлтіруге қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды... 31.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-31T19:51+0500
2023-01-31T19:51+0500
2023-08-09T12:49+0500
өңірлер
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25087047_0:51:3067:1776_1920x0_80_0_0_6b10edd7baffccc5cd827c2359df425c.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді абайсызда өлтіруге қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оқиға былтыр шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында болды. Бауман стансасының 49 жастағы тұрғыны Алтынай Мұздақбаева алқапта жидек теріп жүріп, аңшы мылтығынан мерт болды. Жергілікті фельдшер мен жедел жәрдем дәрігерлері оқ жарақатын алған әйелді аман алып қалмақ болғанымен, ол аудандық ауруханаға бара жатқанда қан жоғалтудан көз жұмды. Сол күні полиция 65 жастағы зейнеткер Сергей Лосеняны ұстады. Ол абайсызда адам өлтіргенін мойындап, бар кінәні мойнына алды. Ол қалың бұта арасындағы қозғалысты байқап, бұл аң екен деген оймен шүріппені басқанын айтты. Жақындап келіп қараған кезде ол өзі әйелді жаралағанын көріп, қорыққаннан учаскелік полиция қызметкері Қабай Әлтиевке хабарласқан. Содан кейін Лосеня ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кінәсін мойындады және өз ісіне өкінді Сейсенбі, 31 қаңтарда Мәмлют аудандық сотында Сергей Лосеняға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды). "Сот Лосеняның өз үйінде оптикалық көздеуіші және 5,6 миллиметрлі оқ-дәрісі бар спорттық-аңшылық иір ойықты мылтықты заңсыз сатып алғанын және оны өз үйінде заңсыз сақтағанын анықтады. 2022 жылдың 11 шілдесінде Лосеня Жамбыл ауданы Бауман стансасы бағытында саяжай жолымен келе жатып, бидай алқабында болған жәбірленушіні елік деген оймен оның бағытына қарай оқ атқан және жарақат салдарынан әйел адам қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Лосеняның кінәсі куәлардың жауаптарымен, жазбаша материалдармен дәлелденген. Прокурор сотталушыны төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді сұрады. Жәбірленушілер прокурордың ұсынысын қолдады. Лосеня кінәсін мойындады. Сот сотталушының істеген ісіне өкінетінін оның жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ал қылмыстық құқықбұзушылықты қаруды қолдана отырып және мас күйінде жасау оның жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды."Абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін жаза 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру; атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - деп түсіндірді соттағылар. Нәтижесінде сот үкімі бойынша Сергей Лосеняға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Лосенядан жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңге моральдық залал өндірілді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Алайда марқұмның туыстары бастапқы кезден-ақ сол күні зейнеткер Лосеня учаскелік полиция қызметкері Қабай Әлтиевпен ішімдік ішіп отырғанын, кейін аңға шыққандарын айтты. Зейнеткердің көзі нашар көретіндіктен аң деп ойлаған әйел адамға оқ атқан учаскелік полицей болуы әбден мүмкін деген болжамын бөлісті. Осыдан кейін полицей алдымен жұмыстан босатылып, кейін қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірақ ол қызметтегі әрекетсіздігі үшін күдікке ілінді. Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі сотталушы Әлиев Қабай Абайұлына қатысты Қылмыстық кодекстің 1-тармағы 4-бөлігінің 370-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудағы әрекетсіздігінің ауыр зардаптарға әкеп соғуы") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.Бұл іс Мәмлют аудандық сотының өндірісінде жатыр. Істі қарау жалғасуда. Айта кетері, Әлтиевке мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік белгіленуі мүмкін.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25087047_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_6b2e9ad85da2b67f19184cc346961862.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді абайсызда өлтіруге қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға былтыр шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында болды. Бауман стансасының 49 жастағы тұрғыны Алтынай Мұздақбаева алқапта жидек теріп жүріп, аңшы мылтығынан мерт болды.
Жергілікті фельдшер мен жедел жәрдем дәрігерлері оқ жарақатын алған әйелді аман алып қалмақ болғанымен, ол аудандық ауруханаға бара жатқанда қан жоғалтудан көз жұмды.
Сол күні полиция 65 жастағы зейнеткер Сергей Лосеняны ұстады. Ол абайсызда адам өлтіргенін мойындап, бар кінәні мойнына алды. Ол қалың бұта арасындағы қозғалысты байқап, бұл аң екен деген оймен шүріппені басқанын айтты.
Жақындап келіп қараған кезде ол өзі әйелді жаралағанын көріп, қорыққаннан учаскелік полиция қызметкері Қабай Әлтиевке хабарласқан. Содан кейін Лосеня ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кінәсін мойындады және өз ісіне өкінді
Сейсенбі, 31 қаңтарда Мәмлют аудандық сотында Сергей Лосеняға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды).
"Сот Лосеняның өз үйінде оптикалық көздеуіші және 5,6 миллиметрлі оқ-дәрісі бар спорттық-аңшылық иір ойықты мылтықты заңсыз сатып алғанын және оны өз үйінде заңсыз сақтағанын анықтады. 2022 жылдың 11 шілдесінде Лосеня Жамбыл ауданы Бауман стансасы бағытында саяжай жолымен келе жатып, бидай алқабында болған жәбірленушіні елік деген оймен оның бағытына қарай оқ атқан және жарақат салдарынан әйел адам қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Лосеняның кінәсі куәлардың жауаптарымен, жазбаша материалдармен дәлелденген. Прокурор сотталушыны төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді сұрады. Жәбірленушілер прокурордың ұсынысын қолдады. Лосеня кінәсін мойындады.
Сот сотталушының істеген ісіне өкінетінін оның жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ал қылмыстық құқықбұзушылықты қаруды қолдана отырып және мас күйінде жасау оның жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін жаза 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру; атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - деп түсіндірді соттағылар.
Нәтижесінде сот үкімі бойынша Сергей Лосеняға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Лосенядан жәбірленушінің пайдасына 3 миллион теңге моральдық залал өндірілді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Алайда марқұмның туыстары бастапқы кезден-ақ сол күні зейнеткер Лосеня учаскелік полиция қызметкері Қабай Әлтиевпен ішімдік ішіп отырғанын, кейін аңға шыққандарын айтты. Зейнеткердің көзі нашар көретіндіктен аң деп ойлаған әйел адамға оқ атқан учаскелік полицей болуы әбден мүмкін деген болжамын бөлісті.
Осыдан кейін полицей алдымен жұмыстан босатылып, кейін қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірақ ол қызметтегі әрекетсіздігі үшін күдікке ілінді. Солтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі сотталушы Әлиев Қабай Абайұлына қатысты Қылмыстық кодекстің 1-тармағы 4-бөлігінің 370-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудағы әрекетсіздігінің ауыр зардаптарға әкеп соғуы") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бұл іс Мәмлют аудандық сотының өндірісінде жатыр. Істі қарау жалғасуда.
Айта кетері, Әлтиевке мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік белгіленуі мүмкін.