https://sputnik.kz/20230131/otken-zhyly-qazaqstanda-avtokolik-ondirisi-22-ga-zhuyq-osti-31600756.html
Өткен жылы Қазақстанда автокөлік өндірісі 22%-ға жуық өсті
Өткен жылы Қазақстанда автокөлік өндірісі 22%-ға жуық өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы Қазақстанда 113 925 көлік шығарылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық. 31.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-31T13:32+0500
2023-01-31T13:32+0500
2023-01-31T13:32+0500
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_b481f7c959caff771e69d661009670c7.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы Қазақстанда 113 925 көлік шығарылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.Ақшамен есептегенде 1,2 триллион теңгеге автокөлік шығарылды, деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығы.Көшбасшы орында Қостанайдағы "Allur" ("СарыарқаАвтоӨнеркәсіп") зауыты тұр. Мұнда 2021 жылы 60 016 автокөлік шығарылған болса, өткен жылы 70 029 автокөлік шығарылды. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan өндірісін 37 205 автокөлікке дейін арттырды. Семейде "СемАЗ" 2 466 коммерциялық көлік шығарды. Көкшетауда "КАМАЗ Инжиниринг" 1 462 жүк көлігін, алматылық Hyundai Trans Auto 1 007 коммерциялық көлік, Қарағанды облысында "QazTehna" 568 автобус, Daewoo Bus Kazakhstan 210 техника шығарды.Сонымен қатар өткен жылы қазақстандықтар 123 778 жаңа көлік сатып алды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға көп."Жаһандық сын-қатерлерге, дистрибуциясы немесе өндірісі Ресейде орналасқан автокөліктерді жеткізудегі проблемаларға қарамастан, нарық өз бағытын өзгерте алды – Қазақстанда жаңа брендтер пайда болды, елдегі жұмыс істеп тұрған зауыттарда шығарылатын автомобильдердің түрі көбейді", - деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығы.Қазақстандықтар қандай көліктерді жиі сатып алып жатырChevrolet 2022 жылы ең көп сатылатын көліктердің ондығында бірінші орынды иеленді. Бұл бренд нарықтың 27,7%-ін алып тұр. Екінші орында нарықтағы 23,32% үлесімен (+27%) Hyundai (28 864 көлік) тұр. Үшінші орында Kia – 14 421 автокөлік. Үздік бестікті Toyota мен Lada түйіндейді.Модельдер бойынша Chevrolet Cobalt көш бастап тұр. Танымал модельдер тізімінде сонымен қатар Hyundai Tucson, Chevrolet Nexia, Hyundai Elantra және Hyundai Sonata бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_bd512d7a816830c22639594270260a68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Өткен жылы Қазақстанда 113 925 көлік шығарылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық.
Ақшамен есептегенде 1,2 триллион теңгеге автокөлік шығарылды, деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығы.
Көшбасшы орында Қостанайдағы "Allur" ("СарыарқаАвтоӨнеркәсіп") зауыты тұр. Мұнда 2021 жылы 60 016 автокөлік шығарылған болса, өткен жылы 70 029 автокөлік шығарылды. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan өндірісін 37 205 автокөлікке дейін арттырды. Семейде "СемАЗ" 2 466 коммерциялық көлік шығарды. Көкшетауда "КАМАЗ Инжиниринг" 1 462 жүк көлігін, алматылық Hyundai Trans Auto 1 007 коммерциялық көлік, Қарағанды облысында "QazTehna" 568 автобус, Daewoo Bus Kazakhstan 210 техника шығарды.
Сонымен қатар өткен жылы қазақстандықтар 123 778 жаңа көлік сатып алды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға көп.
"Жаһандық сын-қатерлерге, дистрибуциясы немесе өндірісі Ресейде орналасқан автокөліктерді жеткізудегі проблемаларға қарамастан, нарық өз бағытын өзгерте алды – Қазақстанда жаңа брендтер пайда болды, елдегі жұмыс істеп тұрған зауыттарда шығарылатын автомобильдердің түрі көбейді", - деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығы.
Қазақстандықтар қандай көліктерді жиі сатып алып жатыр
Chevrolet 2022 жылы ең көп сатылатын көліктердің ондығында бірінші орынды иеленді. Бұл бренд нарықтың 27,7%-ін алып тұр. Екінші орында нарықтағы 23,32% үлесімен (+27%) Hyundai (28 864 көлік) тұр. Үшінші орында Kia – 14 421 автокөлік. Үздік бестікті Toyota мен Lada түйіндейді.
Модельдер бойынша Chevrolet Cobalt көш бастап тұр. Танымал модельдер тізімінде сонымен қатар Hyundai Tucson, Chevrolet Nexia, Hyundai Elantra және Hyundai Sonata бар.