https://sputnik.kz/20230131/oralda-boyzhetken-syrganaqta-arqanga-oratylyp-zhanshylyp-qalgan-31601142.html
Оралда бойжеткен сырғанақта арқанға оратылып, жаншылып қалған
Оралда бойжеткен сырғанақта арқанға оратылып, жаншылып қалған
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Оралда бойжеткен сырғанаушыларды биікке көтеретін аспалы жолдың арқанына оратылып қалған. 31.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-31T08:57+0600
2023-01-31T08:57+0600
2023-01-31T08:57+0600
сырғанақ
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/474/56/4745607_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_cdff9c133c6f77ad21089f5fdc09fb23.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Оралда бойжеткен сырғанаушыларды биікке көтеретін аспалы жолдың арқанына оратылып қалған.Салдарынан бауыры езіліп, алты қабырғасы сынған, жағдайы ауыр. Науқас ота жасағаннан кейін бір жарым сағаттан соң ғана есін әзер жиған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады КТК.Оқиға өткен демалыс күні Оралдағы дамалыс кешендерінің бірінде болды. 17 жастағы бойжеткен аспалы арқан жолдағы тюбингке отыруға кезекте тұрғандарды айналып өтпек болыпты. Қоршаудан қарғып түсіп, кезексіз өтпекші болғанда аспалы жолдың арқанына ілініп қалған. Қозғалыстағы темір трос бойжеткенді сүйреп әкетіп, арқанды айналдырып тұрған барабанға жаншып тастаған.Полицейлер қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін қызмет көрсету бабымен қылмыстық іс қозғады. Алайда демалыс орны басшылығы қайғылы оқиға қыздың өз кәнісінен болғанын айтады."Шектеулерге қарамастан, айналып өтіп, тросқа қысылып қалған. Біз дереу көмектесіп, сол жерде жедел жәрдем шақырдық. Ауруханаға жеткізді. Сол кездің өзінде сегіз адам қауіпсіздікті қадағалап жүрді. Қаншама жазу жазылып тұр, адамдар айқайлап тұр. Өкініштісі, тыңдамады", - дейді демалыс орнының басқарушысы Сабыржан Нұрғалиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/474/56/4745607_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c2e5848f114a68a2835bdb7c708a3da7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
сырғанақ
Оралда бойжеткен сырғанақта арқанға оратылып, жаншылып қалған
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Оралда бойжеткен сырғанаушыларды биікке көтеретін аспалы жолдың арқанына оратылып қалған.
Салдарынан бауыры езіліп, алты қабырғасы сынған, жағдайы ауыр. Науқас ота жасағаннан кейін бір жарым сағаттан соң ғана есін әзер жиған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады
КТК."Әкелгенде жағдайы ауыр болды. Екінші дәрежелі ауыр жарақаттан есінен танған. Қазір жағдайы тұрақты ауыр. Есін жиды, тілге келді", - дейді хирург Рапхат Әжіғалиев.
Оқиға өткен демалыс күні Оралдағы дамалыс кешендерінің бірінде болды. 17 жастағы бойжеткен аспалы арқан жолдағы тюбингке отыруға кезекте тұрғандарды айналып өтпек болыпты. Қоршаудан қарғып түсіп, кезексіз өтпекші болғанда аспалы жолдың арқанына ілініп қалған. Қозғалыстағы темір трос бойжеткенді сүйреп әкетіп, арқанды айналдырып тұрған барабанға жаншып тастаған.
Полицейлер қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін қызмет көрсету бабымен қылмыстық іс қозғады. Алайда демалыс орны басшылығы қайғылы оқиға қыздың өз кәнісінен болғанын айтады.
"Шектеулерге қарамастан, айналып өтіп, тросқа қысылып қалған. Біз дереу көмектесіп, сол жерде жедел жәрдем шақырдық. Ауруханаға жеткізді. Сол кездің өзінде сегіз адам қауіпсіздікті қадағалап жүрді. Қаншама жазу жазылып тұр, адамдар айқайлап тұр. Өкініштісі, тыңдамады", - дейді демалыс орнының басқарушысы Сабыржан Нұрғалиев.