Білім

Колледждерде қандай мамандықтарға басымдық беріледі

© Photo : buivuongБілім
Білім - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Алдағы уақытта колледждерде мемлекеттік тапсырыстың 70 проценті техникалық мамандықтарға беріледі. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл колледждерге 125 мың грант бөлінді. Биыл жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік тапсырыс тағы 50 мың орынға артады.
"2025 жылға дейінгі аралықта кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінде біз техникалық білімді дамытатын боламыз. Осы жылдың өзінде техникалық бағытта оқып жатқан студенттердің саны ұлғайтылды. Басымдық металлургия, IT, құрылыс, инженерия, қызмет көрсету салаларына бағытталатын болады. Қазіргі уақытта техникалық мамандықтар бойынша қабылданған студенттердің үлесі 50 пайызды, яғни 61 мың студентті құрап отыр", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұдан бөлек, кәсіпорындардың тапсырысы бойынша кадрларды мақсатты даярлау шаралары басталды. Ол үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады.
Бұл ретте кәсіпорын педагогтердің практикадан, тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемені өзіне алады. Министрліктің мәліметіне сәйкес, осы оқу жылында кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мың студент қабылданды.
Жаңалықтар
0