https://sputnik.kz/20230131/biz-arqashan-zhurnalisterdin-zhagyndamyz--aqparat-ministri-31610734.html
Біз әрқашан журналистердің жағындамыз – ақпарат министрі
Біз әрқашан журналистердің жағындамыз – ақпарат министрі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистерге қарсы жасалып жатқан қылмыстарға қатысты түсініктеме берді, деп... 31.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-31T12:09+0500
2023-01-31T12:09+0500
2023-01-31T12:09+0500
журналистика
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_8a68275a1108ff3551c5fd46cf2680f1.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистерге қарсы жасалып жатқан қылмыстарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол министрлік әр уақытта журналистердің құқығын қорғауға дайын екенін мәлімдеді."Мен ол журналистермен кездестім, сөйлестім. Басқаларға да қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік. Президент арнайы тапсырма берді, сол бойынша кейбір азаматтар ұсталып жатыр. Сондықтан біз өз бақылауымызда ұстап отырмыз. Әр уақытта журналистердің жағында және оларды қолдауға әзір екенімізді тағы да қайталаймын", - деді Қыдырәлі үкімет кулуарында.Осы орайда журналистер министрден "Қазақстанда қазір журналист болу қаншалықты қауіпті" екенін сұрады.Соңғы уақытта бірнеше журналист белгісіз біреулер редакция терезесін сындырып, көлігін өртеп, есігін құрылысқа арналған көбікпен бұғаттап тастады деп шағымданған болатын.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_783afdfc554bdb8e29425c60031d8922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналистика
Біз әрқашан журналистердің жағындамыз – ақпарат министрі
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистерге қарсы жасалып жатқан қылмыстарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол министрлік әр уақытта журналистердің құқығын қорғауға дайын екенін мәлімдеді.
"Мен ол журналистермен кездестім, сөйлестім. Басқаларға да қолдау көрсетуге әзір екенімізді жеткіздік. Президент арнайы тапсырма берді, сол бойынша кейбір азаматтар ұсталып жатыр. Сондықтан біз өз бақылауымызда ұстап отырмыз. Әр уақытта журналистердің жағында және оларды қолдауға әзір екенімізді тағы да қайталаймын", - деді Қыдырәлі үкімет кулуарында.
Осы орайда журналистер министрден "Қазақстанда қазір журналист болу қаншалықты қауіпті" екенін сұрады.
"Мен оны айта алмаймын. Құқық қорғау органдарының жұмыстарынан кейін ғана баға бере аламыз. Бірақ бізде ақпараттық шабуылдың көбейіп кеткені белгілі. Бұл мәселеде біз әр уақытта журналистердің құқығын қорғауға әзірміз", - деді ол.
Соңғы уақытта бірнеше журналист белгісіз біреулер редакция терезесін сындырып, көлігін өртеп, есігін құрылысқа арналған көбікпен бұғаттап тастады деп шағымданған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды.