https://sputnik.kz/20230131/baspana-beriledi-sarandagy-shina-zauytyna-zhumysshy-qabyldanyp-zhatyr-31602037.html
"Баспана беріледі": Сарандағы шина зауытына жұмысшы қабылданып жатыр
"Баспана беріледі": Сарандағы шина зауытына жұмысшы қабылданып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Саран қаласындағы шина зауытында мыңнан астам адам еңбек етеді. Жұмысшылар әлі де қажет, деп хабарлады Қарағанды облысының... 31.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-31T12:37+0500
2023-01-31T12:37+0500
2023-01-31T12:37+0500
қарағанды облысы
зауыт
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1f/31599693_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6c122808e9a6c6567be41ec3b5bb7148.jpg
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Саран қаласындағы шина зауытында мыңнан астам адам еңбек етеді. Жұмысшылар әлі де қажет, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.Моноқаланың 177 тұрғыны тұрақты жұмысқа қабылданды. Кәсіпорында кесушілерден бастап резеңке бұйымдарын сынаушыларға дейін әртүрлі мамандық бойынша бос орындар бар.Компания өз есебінен қажетті біліктілікке ие болғысы келетіндерге көмектеседі. Оқу және тағылымдама Татарстандағы зауытта өтеді. Бұрынғы практиканттардың ішінен ешкім бос қалған жоқ. Ақпан айында Нижнекамскке баратын кезекті топ құрылады.Оның айтуынша, Нижнекамскіде 168 адам оқу және тағылымдамадан өтіп жатыр. Олар өндірістік тәжірибеден өтеді, содан кейін емтихан тапсырады, біліктілігін растайды. Барлық тағылымгерге баспана беріледі, трансфер төленеді, сонымен қатар олар жалақы да алады. Келесі топ ақпан айында Татарстанға барады.Ол Нижнекамскіде оқыған қызметкерлер қазір өндірісті іске қосуға, жабдықты монтаждауға және іске қосуға дайындыққа қатысып жатқанын атап өтті.Анна Кенжебекова мен Альбина Сивенкова – Саранның байырғы тұрғындары. Шина зауытына Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан. Нижнекамскіде тағылымдамадан өткеннен кейін ТББ инженер-технологтары болып жұмыс істейді.Олардың өмір жолы ұқсас. Жоғары инженерлік білім алып, университеттен кейін кәсіпорындарда жұмыс істеген. Бірақ балалы болған соң және декреттік демалыстан кейін олар жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр болып қалған.ТББ инженер-технологтары қазір технологиялық нұсқаулықтар әзірлеуде. Жаппай өндіріс басталысымен олар шығарылатын өнімнің сапасын бақылайды."Жұмысыма ризамын. Мен өзімнің ертеңіме сенімдімін. Әлеуетіміз де жоғары", – деп атап өтті Анна.Жаңа мамандықтарды саланы өзгертуге шешім қабылдаған өнеркәсіптің басқа салаларының мамандары да игере алады.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1f/31599693_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_66cba2eba68f9420bdbc879406d678a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, зауыт
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Саран қаласындағы шина зауытында мыңнан астам адам еңбек етеді. Жұмысшылар әлі де қажет, деп
хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Моноқаланың 177 тұрғыны тұрақты жұмысқа қабылданды. Кәсіпорында кесушілерден бастап резеңке бұйымдарын сынаушыларға дейін әртүрлі мамандық бойынша бос орындар бар.
Компания өз есебінен қажетті біліктілікке ие болғысы келетіндерге көмектеседі. Оқу және тағылымдама Татарстандағы зауытта өтеді. Бұрынғы практиканттардың ішінен ешкім бос қалған жоқ. Ақпан айында Нижнекамскке баратын кезекті топ құрылады.
"Бүгінгі таңда компанияда қызметкерлер саны 408 адамды құрайды. Жұмысқа қабылдау жалғасуда. Мамандарға 28 мамандық бойынша сұраныс бар. Қазақстан нарығына біз 600-700-ге жуық бос жұмыс орындарын жариялауға дайынбыз, яғни бұл ағымдағы жылдың соңына дейін жұмысқа қабылданатын персонал", – дейді "KamaTyresKZ" ЖШС директорының көмекшісі Виталий Дедов.
Оның айтуынша, Нижнекамскіде 168 адам оқу және тағылымдамадан өтіп жатыр. Олар өндірістік тәжірибеден өтеді, содан кейін емтихан тапсырады, біліктілігін растайды. Барлық тағылымгерге баспана беріледі, трансфер төленеді, сонымен қатар олар жалақы да алады. Келесі топ ақпан айында Татарстанға барады.
Ол Нижнекамскіде оқыған қызметкерлер қазір өндірісті іске қосуға, жабдықты монтаждауға және іске қосуға дайындыққа қатысып жатқанын атап өтті.
Анна Кенжебекова мен Альбина Сивенкова – Саранның байырғы тұрғындары. Шина зауытына Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан. Нижнекамскіде тағылымдамадан өткеннен кейін ТББ инженер-технологтары болып жұмыс істейді.
Олардың өмір жолы ұқсас. Жоғары инженерлік білім алып, университеттен кейін кәсіпорындарда жұмыс істеген. Бірақ балалы болған соң және декреттік демалыстан кейін олар жаңа жұмыс іздеуге мәжбүр болып қалған.
"Мен тіпті сатушы болып жұмыс істедім. Содан кейін мен қалада шина зауыты ашылатынын және мамандық бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар екенін білдім. Жұмыспен қамту орталығына хабарласып, түйіндеме қалдырдым. Осыдан кейін компанияда сұхбаттасып, Нижнекамскіде оқыдым", – дейді Альбина.
ТББ инженер-технологтары қазір технологиялық нұсқаулықтар әзірлеуде. Жаппай өндіріс басталысымен олар шығарылатын өнімнің сапасын бақылайды.
"Жұмысыма ризамын. Мен өзімнің ертеңіме сенімдімін. Әлеуетіміз де жоғары", – деп атап өтті Анна.
Жаңа мамандықтарды саланы өзгертуге шешім қабылдаған өнеркәсіптің басқа салаларының мамандары да игере алады.