Елорда тынысы

Астананың жаңа бас жоспары әзірленеді

© Sputnik / Еркен СалиховҚысқы Астана
Қысқы Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың жаңа бас жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Бүгін елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Астананың қазіргі ауыр жағдайын тез арада өзгерту қажеттігін ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, елорданы жаңғырту қажет.
"Осы мақсатпен қаланың даму стратегиясын қайта қараған жөн. Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс. Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сосын Үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады. Сіздерден нақты нәтиже күтемін",- деді Тоқаев.
Президент Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамыту керектігін жеткізді. Осы орайда әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалану қажет.
"Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 компаниясының басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар "ақылды қала" жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын. Әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырамын", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Ол ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажеттігін атап өтті. Сол арқылы бас қаламызды аймақтың "Digital nomads" орталығына айналдыру жоспарланып отыр.
Су, кран - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Президент Астанадағы су мәселесі туралы: үлкен қауіп туындауы мүмкін
Жаңалықтар
0