Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ доллардың құлдырауына дайындалып жатыр ма?

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуДенежные купюры
Денежные купюры - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2023
Жазылу
Киевке америкалық танктерді жөнелту бойынша АҚШ-тағы қызу пікірталас аясында негізгі сұрақ айтылмай қалды. Жалпы АҚШ Украинадағы әскери іс-қимылдан нені көздеп отыр, деп жазды РИА Новости.
Мәселе ресурстарда болып отырғаны белгілі. Бірақ бұл қандай ресурс? Америкалық корпорациялар Украинадағы ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігін сатып алғаны рас. Америкалық өнеркәсіптің стратегиялық шикізаты саналатын украин титанына деген қызығушылық та басым. Оның үстіне тап қазір бауырлас екі халықтың бір-бірімен соғысып жатқаны да Вашингтон үшін тиімді.
Бірақ дәл осындай ұсақ пайда үшін АҚШ өз халқын қатерге тігіп, дүниежүзілік соғыс тудыруға дайын ба? Онсыз да украин қақтығысы Батыс экономикасына кері әсер етіп, Ақ үй мен оның одақтастары арасындағы келіспеушілікке себеп болып отыр.
Танымал америкалық экономист Пол Крейг Робертс "Вашингтон билігі доллармен бірге бәсеңдеп жатыр" деген мақаласында АҚШ-тың Украинадан ажырамауының себебін түсіндірді. Материалда сарапшы Сауд Арабиясының мұнайға төлем ретінде АҚШ долларын ғана емес, басқа валюталарды қабылдау туралы шешімін сөзге тілге етті.
Робертс бұл америкалық әкімшілік жарты ғасыр бұрын құрған "мұнайдоллардың" ақырын білдіретінін жазды. Ол кезде генерал де Голль америкалықтардан Францияға ресми бағам бойынша елдің ұлттық банкінде тұрған бір жарым миллиард долларға он алты жарым мың тонна алтын беруді талап етті. Бұған қарсы болғанымен, бәрібір алтынды беруге тура келді. Әлемнің басқа елдері де алтын алуға кезекке тұрмас үшін 1971 жылы президент Никсон алтын стандарттың күшін жойды.
Есесіне Никсон саударабиялықтармен мұнайды тек америкалық валютаға сату туралы келісті. Бұл АҚШ долларын Жер ғаламшарындағы ең жоғары сұранысқа ие көмірсутектің кепілдендіруіне әкелді және оған басты әлемдік валюта мәртебесін иеленуін қамтамасыз етті. Қазір осы ахуалдың аяқталып жатқаны байқалады. Себебі әлемнің барлық елінде долларды проблема ретінде қарастыра бастады.
Бұрын доллар мұнай сатып алу және инфляциядан қорғану мақсатында жинақтарды сақтау үшін қажет болатын. Қазір әлемдегі жағдай өзгеріп жатыр. Қытай мен Ресей мұнай үшін есеп айырысуды рубль мен юаньға ауыстырып жатыр. Үндістан Ресейден рупийге мұнай сатып алуды ойластырып жатыр. Сауд Арабиясының да жоспары өзгеріп жатқаны байқалады.
"Доллар немесе америкалық құнды қағаздар түріндегі жинақтарға қатысты күдік жиырма жыл бұрын туындаған. 11 қыркүйектегі теракттен соң Бұғаздағы монархтар мұнайдан тсүкен пайданы доллар түрінде ғана емес, өз елдерінде салым ретінде қолдана бастады. Түрлі зәулім ғимарттар салынып, ауқымды іс-шаралар өткізіліп, елдің әлеуетін бұрынғыдан арттырды", - деп жазылған материалда.
2007-2009 жылдардағы Ұлы рецессиядан кейін доллар жүйесі тағы тығырыққа тірелді. Қытай америкалық қарызға өз салымдарының қарқынын бәсеңдетті. Бейжің де елдің дамуына және ішкі нарыққа инвестицияны арттырды. Мұның барлығы өндірісті ішкі тұтынушыға қайта бейімдеу және экономиканың сенімсіз долларға тәуелділігін төмендету үшін жасалды.
АҚШ экономикасына оң ықпал ете алатын Еуропаға ең алдымен коронавирус локдаундары, одан кейін антиресейлік санкциялар кедергі келтірді. Еуропа америкалықтарға қолдау көрсеткісі келгенімен, мұны жүзеге асыруға ресурсы болмады.
"Энергия бағасының өсуі және әлемдік белсенділіктің бәсеңдеуі Еуропаның ең дамыған елдерінің, соның ішінде Германияның жинақталған қорын тауысты, - деп жазды француздық Atlantico басылымы. – Осылайша америкалықтар төлем теңггерімінің тапшылығын қаржыландырудың маңызды үшінші көзін жоғалтты".
Бүгінде аналитиктер әлемдік саудадағы ұлттық валюталарда есеп айырысу, сондай-ақ жаңа резервтік валюталардың құрылуын долларға төнген басты қауіп деп атады.
БАҚ-та тараған Ресей мен Иранның алтынмен қамтамасыз етілген криптовалюта – стейблкоин құру туралы идеясының болашағы бар секілді көрінеді. Оңтүстік Американың екі ірі экономикасы Бразилия мен Аргентинаның бірыңғай валюта – sur құру бастамасы да қызық. Бразилия президенті Лула бұл идеяны дамытып, БРИКС-ке мүше елдер үшін бірыңғай валюта әзірлеуді ұсынды. БРИКС-ке әлемнің ең ірі экономикалары кіретінін ескерсек, бұл АҚШ долларына нақты бәсекелестік тудыруы мүмкін.
Ал АҚШ-тағылар қытайлық ренминби, яғни юань долларға төнген экзистенциалды қауіп деп санайды. Америкалықтар Қытайда сәтті дамып жатқан қолайлы әрі жедел цифрлық төлемдер сервистеріне алаңдап отыр. Бұл сервистерге әлем тұтынушыларының қызығушылығы артты. Ресейдегі цифрлық төлемдер жүйесі де америкалыққа қарағанда әлдеқайда ыңғайлы әрі жылдам.
Өз мақаласында доллардың құлдырауын болжаған Пол Крейг Робертс бұл валютаның халықаралық есеп айырысудағы үлесінің төмендеуі "АҚШ-та қатаң үнемдеушілікке" әкелетінін, ал үнемдеу өз кезегінде кедейлік пен құлдырауға себеп болатынын жазды.
"Украина мәселесіне қайта оралсақ, әскери агрессия Вашингтон үшін өз валтасын қолдаудың жалғыз амалы болып отыр. Украинаның көмегімен Еуропада туындаған дүрбелең біршама уақытқа долларды капиталдар үшін қауіпсіз валютаға айналдырады. Америкалықтар қатаң үнемшілдікке қадам баспас үшін Украинадағы әскери іс-қимылды шиеленістіруді көздейді", - деп жазды мақала авторы.
Жаңалықтар
0