Өңірлер

Павлодарда пойыз астына түскен ер адамның саусақтары жұлынып, табанынан айырылды

© Photo : КТЖПойыp, қыс
Пойыp, қыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Жазылу
Ер адамның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Павлодарда пойыз ер адамның екі аяғының табанын кесіп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 28 қаңтарда сағат 10:54-те жедел жәрдемге Павлодардағы Успен көпірі маңайында ер адам жатқаны туралы хабар түсті. Оның аяғын пойыз басып өткен.
58 жастағы ер адамды жақын жердегі облыстық клиникалық аурухананың стационарына жеткізген. Ол қатты шокта болды. Пойыз екі табанын кесіп кетті.
Бұдан бөлек, оң қолының екі саусағы ішінара жұлынды. Оған шұғыл ота жасалды.
Қазіргі кезде ер адамның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2022
Пойыз билеті бір жылда 20%-ға қымбаттады
Жаңалықтар
0