https://sputnik.kz/20230130/onirlerde-azyq-tulikti-qymbattatyp-zhiberetin-zansyz-deldaldarga-tosqauyl-qoyylady-31572580.html
Өңірлерде азық-түлікті қымбаттатып жіберетін заңсыз делдалдарға тосқауыл қойылады
Өңірлерде азық-түлікті қымбаттатып жіберетін заңсыз делдалдарға тосқауыл қойылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы мен өңірлердегі базарларда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың сауда үстемесі 15% асырып жіберген. 30.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-30T11:52+0500
2023-01-30T11:52+0500
2023-08-10T17:15+0500
баға
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/313/83/3138386_0:63:1232:756_1920x0_80_0_0_27b4b7a91921c685f02aa23744194dc2.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы мен өңірлердегі базарларда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың сауда үстемесі 15% асырып жіберген.Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуін тежеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Сонымен, Алматыда "Жұлдыз" және "Арыстан" азық-түлік базарларында басы артық делдалдардың тізбегі мен сауда үстемесін 15%-дан асырып жіберу фактілері анықталды."Базарлар басшылығына өз аумағына қосалқы делдалдарды жібермей, сол арқылы бағаның өсуіне әкелетін заңсыз әрекеттерді жою тапсырылды", — деді сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.Оның айтуынша, СҚО-да "үй маңындағы" дүкенге жұмыртқа (С1) жеткізген делдал анықталды.Алматы облысында Бәсекелесткті қорғау және дамыту агенттігі екі кәсіпорынның әрекеті әлеуметтік санаттағы тауық жұмыртқасын сату кезінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілері барын қарастыруда.Облыстар бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде ең көп өсті (2,9%-ға), онда ӘМАТ қатарына енетін 10 атауы қымбаттаған. Сондай-ақ Ұлытау облысында (бағаның өсуі – 2,6%) және Астана қаласында (өсу – 2,1%) ең нашар көрсеткіштер тіркелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/313/83/3138386_70:0:1163:820_1920x0_80_0_0_a5db0e30a7e722c09529e3a99382a81a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, азық-түлік
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы мен өңірлердегі базарларда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың сауда үстемесі 15% асырып жіберген.
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуін тежеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Сонымен, Алматыда "Жұлдыз" және "Арыстан" азық-түлік базарларында басы артық делдалдардың тізбегі мен сауда үстемесін 15%-дан асырып жіберу фактілері анықталды.
"Базарлар басшылығына өз аумағына қосалқы делдалдарды жібермей, сол арқылы бағаның өсуіне әкелетін заңсыз әрекеттерді жою тапсырылды", — деді сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.
Оның айтуынша, СҚО-да "үй маңындағы" дүкенге жұмыртқа (С1) жеткізген делдал анықталды.
Алматы облысында Бәсекелесткті қорғау және дамыту агенттігі екі кәсіпорынның әрекеті әлеуметтік санаттағы тауық жұмыртқасын сату кезінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілері барын қарастыруда.
Облыстар бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде ең көп өсті (2,9%-ға), онда ӘМАТ қатарына енетін 10 атауы қымбаттаған. Сондай-ақ Ұлытау облысында (бағаның өсуі – 2,6%) және Астана қаласында (өсу – 2,1%) ең нашар көрсеткіштер тіркелді.