Исфахан зауытындағы шабуылға кім жауапты

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУчения по борьбе с воздушными целями, архивное фото
Учения по борьбе с воздушными целями, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Жазылу
Көмірсутегі қоры мен ядролық бағдарлама Иранның егемендігін нығайтып, америкалық үстемдікке қауіп төндіріп тұр. Сондықтан бұл жағдай АҚШ пен оның Таяу Шығыстағы одақтасы Израильді қатты алаңдатып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Вашингтон мен Тель-Авивтің Иранның қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарына қарсы әскери қысым көрсету немесе пилотсыз ұшатын аппараттар арқылы соққы жасауы Тегеранмен келіссөздер жүргізудің теріс әрекеті болып табылады. Бұл Таяу Шығыстың, Оңтүстік Кавказдың, Орталық және Оңтүстік Азияның кең аумағында қарулы эскалация туындауына себеп болуы ықтимал.
Иранның қорғаныс министрлігі қаңтардың 29-ына қараған түні Тегераннан оңтүстікке қарай 300 шақырым жерде орналасқан Исфахандағы оқ-дәрі шығаратын орталыққа үш ұшқышсыз ұшақтың соққы жасағанын хабарлады. Шабуыл сәтсіз аяқталды. Себебі шағын дрондар нысанаға жете алмады: біреуі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен атып түсірілді, екеуі нысанның қорғаныс торларында жарылды). Жұмысшылар мен цех жабдықтарына зақым келтірілген жоқ.
БАҚ Хамадан және Кередж қалаларындағы қорғаныс кәсіпорындарында, Азаршехрдағы мұнай өңдеу зауытында да жарылыс естілгенін хабарлады. Бірақ Тегеран бұл ақпаратты растамады. Дрондардың кімге тиесілігі екені ресми түрде айтылмады. Алайда Шығыс пен Батыстың ақпараттық басылымдары мұның артында АҚШ пен Израиль тұрғанын меңзеп жазды.
Defence Express Иранның Исфахан қаласында Shahed-136 шабуылдауға арналған дрондар өндірісінің қалыпты екенін көрсететін жаңа спутниктік суреттерді жариялады. Негізінен Иранның маңызды өндіріс орындары терең жер астында орналасқанын ескеру керек. Мұндай кешендерді зақымдау үшін бетонды тесіп өтетін қуатты оқ-дәрілер немесе ядролық қару қажет. Сондықтан 29 қаңтардағы пилотсыз аппаратпен жасалған шабуылды ескертудің бір түрі ретінде қабылдау керек секілді. Тегеран агрессиялық әрекеттің жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.
Иран қорғаныс министрлігі арандатушылықтар елдің өміріне әсер етпейтінін атап өтті. Иран сыртқы істер министрі Амир Абдоллахиан ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуылды "өз ісін мойындауға батылы жетпейтіндердің қорқақ әрекеті" деп атап, "бұл елді қорғау үшін ядролық бағдарлама жасаудан бас тартуға мәжбүрлемейтінін" айтты.
Пентагон өкілі Патрик Райдер Иран аумағындағы нысандарға соққы жасалуына АҚШ-тың қатысы жоқ екенін айтты. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен болашақта Иранға қарсы әскери сценарийді қолдану ықтималдығы туралы пікір білдірді: "Біз Иранға қатысты қагдай да бір нұсқалар мен сценарийлерді, оның ішінде әскери әрекеттің болу ықтималдылығын жоққа шығармаймыз. Барлық мүмкіндік бар. Бірақ әзірге біз дипломатиялық нұсқаны негізге алып отырмыз".
"Америкалық дипломатия Вашингтон 2018 жылы біржақты сылтаумен Тегеранмен жасалған "ядролық келісімнен" шығып, дипломатияға қайта оралмады деп санайды. Ал Иран ядролық отынды байыту бойынша жұмыстың жаңа кезеңіне кірісті. Өткен күзде Израиль қорғаныс министрі Бени Ганц Иранның ядролық бомбасы 2023 жылдың басында пайда болады деп болжаған еді. Ал америкалық президент Джозеф Байден Тегеранға қарсы соңғы шара әскери операция болатынын мойындады", - деп жазылған материалда.
Тель-Авив Иран күштерінің көршілес Сирия мен Ливанда орналастырылуына алаңдаулы. Жаппай қырып-жоятын қару Тегеранды Таяу Шығыс, Оңтүстік Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия үшін сөзсіз "күш орталығына" айналдырады. Иранның шынайы егемендігі АҚШ-ты бұл елден көмірсутек тарту мүмкіндігінен айырады.
Бір күн бұрын Израильде 140-тан астам ұшақ, 6 400-ге жуық америкалық және 1 500 израильдік әскердің қатысуымен Juniper Oak атты АҚШ – Израиль маневрлері аяқталды. Оқу-жаттығулардың сценарийі бойынша артиллериялық ату жүргізіліп, теңіз операциялары орындалды.
Хроленконың пікірінше, Juniper Oak 23 маневрлері Израильдің АҚШ Орталық қолбасшылығымен 18 айлық интеграциясының ауқымын көрсетті. Ал 29 қаңтарға қараған түні Иран аумағына ұшқышсыз аппаратпен жасалған шабуыл кездейсоқтық емес, бұл бірлескен жаттығулардың нәтижесі болып отыр.
Жалпы Израильдің әскери-әуе күштері Иранның нығайтылған ядролық нысандары мен зымыран базаларын жоюға қауқарсыз. Сондықтан америкалық бомбалаушы ұшақтардың гипотезалық операцияға қатысуы маңызды болып көрінеді. Бірақ Иран әскери-әуе күштерінің заманауи Су-35 жойғыш ұшақтарымен толықтырылуы шабуыл жасау мүмкіндіктерін бәсеңдетеді. Әскери қақтығыстың ықтималдығы артып жатыр. Орталық барлау қызметінің басшысы Уильям Бернстің Израильде ұзақ уақыт болуы кездейсоқ емес.
Иран өзіне жасалған кез келген әрекетке үнемі сәйкес жауап қайтарып келеді. Сондықтан Тегеран 29 қаңтарда лаңкестік әрекетті Израильдің жасағанын анықтаса, қатаң кек алу ықтималдығы айтарлықтай жоғары. Ал Иранның пилотсыз ұшу аппараттарының соққы жассау әлеуеті кез келген күрделі тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.
Әскери қақтығыс көптеген көрші мемлекеттке, соның ішінде қазірдің өзінде ахуал тұрақты емес Әзербайжан мен Арменияға әсер етуі мүмкін. Әзербайжан Израильмен тығыз байланыс орнатқан. Politico басылымы Таулы Қарабақ қақтығысының аясында Әзербайжан мен Иран арасындағы шиеленіс артқанын жазды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0