https://sputnik.kz/20230130/burqasyn-2023-elorda-turgyndary-men-qonaqtary-sporttyn-10-turinen-baq-synaydy-31584214.html
"Бұрқасын-2023": елорда тұрғындары мен қонақтары спорттың 10 түрінен бақ сынайды
"Бұрқасын-2023": елорда тұрғындары мен қонақтары спорттың 10 түрінен бақ сынайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. "Бұрқасын-2023" қысқы фестивалі 19 ақпанда Астанада өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 30.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-30T14:58+0500
2023-01-30T14:58+0500
2023-01-30T14:58+0500
елорда
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31583999_0:22:1203:699_1920x0_80_0_0_b3f04185e1773b148ebb750f395061bb.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. "Бұрқасын-2023" қысқы фестивалі 19 ақпанда Астанада өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Фестивальге қатысушылар спорттың 10 түрінен сайысқа түседі. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.Жарысқа кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Жасы мен жынысына шектеу жоқ. Тек денсаулығы жарамды болса болғаны. Тіркеуден өту үшін міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.Шаңғы жарысына тіркелу 30 минут бұрын жүргізіледі.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас топтарына қарай арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.Айта кетсек, алғаш рет "Бұрқасын" жарысы 2000 жылдың 26 ақпанында өткен болатын. Бүгінде ол бүкілқалалық дәрежедегі спорттық дәстүрге айналды.Өтетін орны: Есіл өзені, Амфитеатр жаны. Басталуы: 11:00-де.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1e/31583999_122:0:1082:720_1920x0_80_0_0_788a30a697c02e9c1f741ddd6a377b27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. "Бұрқасын-2023" қысқы фестивалі 19 ақпанда Астанада өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Фестивальге қатысушылар спорттың 10 түрінен сайысқа түседі. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.
Жарысқа кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Жасы мен жынысына шектеу жоқ. Тек денсаулығы жарамды болса болғаны. Тіркеуден өту үшін міндетті түрде жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.
Шаңғы жарысына тіркелу 30 минут бұрын жүргізіледі.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас топтарына қарай арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Айта кетсек, алғаш рет "Бұрқасын" жарысы 2000 жылдың 26 ақпанында өткен болатын. Бүгінде ол бүкілқалалық дәрежедегі спорттық дәстүрге айналды.
Өтетін орны: Есіл өзені, Амфитеатр жаны. Басталуы: 11:00-де.