https://sputnik.kz/20230130/bir-top-adam-oqushy-kolik-31590917.html
Бір топ адамды қағып кеткен оқушы қарда жүретін көлікті туысынан рұқсатсыз алған
Бір топ адамды қағып кеткен оқушы қарда жүретін көлікті туысынан рұқсатсыз алған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Полиция Ақтөбе маңындағы демалыс базасында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты. 30.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-30T16:19+0500
2023-01-30T16:19+0500
2023-01-30T16:19+0500
өңірлер
оқушы
көлік
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1d/31556938_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_5c4aad78e59e0c3f2de7cd9768dabb72.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Полиция Ақтөбе маңындағы демалыс базасында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты.Бір топ адамды қағып кеткен 2007 жылғы оқушы аман. Қарда жүретін көлік баланың туысына тиесілі болып шықты, деп жазады "Диапазон".Ол тергеу барысында іс қайта саралануы мүмкін екенін атап өтті. Өйткені оқиға болған жер жолдың жүретін бөлігіне жатпайды.Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Адам өліміне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында демалыс базасы басшылығының кінәсі де анықталады.Еске салсақ, трагедия 28 қаңтар күні түсте Ақтөбе маңында болды.Демалыс базасы аумағында 2007 жылғы бала қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кеткен. Салдарынан 40 жастағы әйел қаза болды, бір ер адам және кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жеткізілді.Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы бала амбулаториялық емдеуге жіберілді, қалған төртеуі ауруханада жатыр. Ал 49 жастағы ер адамға ота жасалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1d/31556938_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7bce94666f756d4d7051d8c574de3752.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, көлік
Бір топ адамды қағып кеткен оқушы қарда жүретін көлікті туысынан рұқсатсыз алған
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Полиция Ақтөбе маңындағы демалыс базасында болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты.
Бір топ адамды қағып кеткен 2007 жылғы оқушы аман. Қарда жүретін көлік баланың туысына тиесілі болып шықты, деп жазады
"Диапазон"."Зардап шеккендер бір отбасыдан емес. Қазіргі таңда қарда жүретін көліктің демалыс базасына қатысы жоқ екені анықталды. Оқушы оны туысқанынан рұқсатсыз алған. Мұндай көлік ауыл шаруашылығы техникасына жатады, оны 16 жастан басқаруға болады. Бірақ адамдарды қаққан оқушының тәжірибесі жоқ, сөйтіп рөлге ие бола алмай қалған", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ол тергеу барысында іс қайта саралануы мүмкін екенін атап өтті. Өйткені оқиға болған жер жолдың жүретін бөлігіне жатпайды.
Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Адам өліміне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында демалыс базасы басшылығының кінәсі де анықталады.
Еске салсақ, трагедия 28 қаңтар күні түсте
Ақтөбе маңында болды.
Демалыс базасы аумағында 2007 жылғы бала қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кеткен. Салдарынан 40 жастағы әйел қаза болды, бір ер адам және кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы бала амбулаториялық емдеуге жіберілді, қалған төртеуі ауруханада жатыр. Ал 49 жастағы ер адамға ота жасалады.