Ауыл шаруашылығы министрлігі пияз және басқа да көкөністердің қоры туралы айтты

© Photo : Alicja Пияз
Пияз - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Он екі өңір картоп көлемі маусымаралық сұраныстың 100%-дан, жетеуі 50%-дан астамына келісімшартқа отырды, деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуін тежеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бекбауов алдағы маусымаралық кезеңге арналған көкөніс бойынша өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтерін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
"Он екі өңір картоп көлемі маусымаралық сұраныстың 100%-дан, жетеуі 50%-дан астамына келісімшартқа отырды; сәбіз бойынша – 10 өңір 100%-дан, 8-і – 50%-дан астам қор жасады; қырыққабат бойынша – 5 өңір сұранысты 100% , 9 өңір – 50%-дан жоғары қамтамасыз ету бойынша келісімшартқа отырды", — деді Бағлан Бекбауов.
Оның айтуынша, пияз бойынша 9 өңір жасыл аймақта, яғни олар сұраныстың 100%-дан астамын, 8-і – 50%-дан астамына келісімшарт жасады.
"Қызыл аймақта келісімшарт жасау 50%-дан аз, картоп қоры бойынша – Алматы облысында, сәбіз бойынша – Павлодар және Алматы облыстары, қырыққабат бойынша – Маңғыстау, Абай, Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, пияз бойынша – Алматы, Павлодар, Жетісу облыстарында", — деп түйіндеді вице-министр.
Жаңалықтар
0