Астана - Бейжің арасындағы тікелей әуе рейсі қайта жанданады

© Sputnik / Александр Юрьев / Медиабанкке өтуВиды Пекина. Архивное фото
Виды Пекина. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. 25 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Астана - Бейжің бағыты бойынша ұшатын рейсті қайта жандандырады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Астанадан Бейжіңге рейс дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі, ал Бейжіңнен Астанаға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері орындалады.
Жолаушыларды тасымалдайтын ұшақ - Airbus А-321 LR.
Сондай-ақ осы жылдың 13 ақпанынан бастап Air Astana Алматы мен Бейжің арасындағы рейстерді де жандандырмақ ниетте. Алғашқыда аптасына бір рет дүйсенбі күні ұшады. Кейін біртіндеп 5 рейске дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) көбейту жоспарда бар. Көктемгі-жазғы навигация кезінде аптасына 5-7 рейске дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылады.
Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта жаңғырту мәселесін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті Қытайдың авиация билігімен бірлесе іске асырады.
Жаңалықтар
0