Қоғам

Ақмола облысында "LV FORCE" қаржы пирамидасы жойылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облыстық департаменті "LV FORCE" қаржы пирамидасын жойды.
Қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша Елена Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Лишко 2018 жылдан бастап Степногор қаласында жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы пайда табу мақсатында "LV FORCE" компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржы пирамидасын ұйымдастырған.
"Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 азамат тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асты", - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Сот Лишконы кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.
Агенттік азаматтардан жинаған ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауды сұрайды.
Қандай да бір компанияның халықтан ақша тартуға лицензиясы бар-жоғын мына Телеграм-бот арқылы тексеруге болады.
Жаңалықтар
0