Алматы облысында әбден қиналған 6 балалы жалғызбасты ана халықтан көмек сұрады
17:55 30.01.2023 (жаңартылды: 19:17 30.01.2023)
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда 6 балалы жалғызбасты ана көмекке мұқтаж
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданы Казцик ауылында 6 балалы жалғызбасты ана Sputnik Қазақстанға хабарласып көмек сұрады.
Алты бала да кәмелетке толмаған. Ең үлкені 14, ең кішісі 2 жаста. Көпбалалы ана жұмыс істемейді, өйткені шиеттей балаларды тастайтын жер жоқ. Балабақшаға орналастырайын десе, бүлдіршіндердің киерге киімі жоқ.
"Әу баста бәрі жақсы болды. Маған қоғамдық қор көмектесіп, осы үйді алып берді. Көпбалалы ана ретінде алғысым шексіз. Өкініштісі, осы үйге көшіп келгелі проблема көбейді. Жаңа үйімізді жөндеу үшін 1 миллион теңге кредит алдым", - дейді Нелли Петрова.
© Sputnik / Айдана ДайыроваШиеттей балаларды тастайтын жер жоқ, сондықтан көпбалалы ана жұмыссыз
Шиеттей балаларды тастайтын жер жоқ, сондықтан көпбалалы ана жұмыссыз
© Sputnik / Айдана Дайырова
Дәл сол кезде күйеуі емделемін деп төсек тартып жатып қалады. Үйді жөндеуге алынған 1 миллион теңге отағасын аяғынан тік тұрғызуға жұмсалады.
"Күйеуім денсаулығы түзелген соң араққа салынып кетті. Аузы құрғамайтын болды. Үлкен ұлымды ұрып, балаларға маза бермеді. Қазір сол күйі ішіп кетті, мен жалғыз қалдым" - дейді көпбалалы ана.
© Photo : Айдана Дайырова"Үйді жөндеу үшін 1 миллион теңге кредит алдым", - дейді Нейля Петрова
"Үйді жөндеу үшін 1 миллион теңге кредит алдым", - дейді Нейля Петрова
© Photo : Айдана Дайырова
Қазіргі күні Нелли Петрова несиеге 70 мың төлейді. Балаларға киім, тамақ алуға жалғызбасты ана тағы бірнеше жерден несие алған. Қазір ол несиелердің біразы төленбей тұр.
"Мен бәріне төземін, шыдаймын. Маған ЖСН нөмірімді блоктап қоямыз деп банктен хабарласты. Өйткені мен ол банктің несиесін төлей алмай жатырмын. Жан ұшырып, жан-жақтан көмек сұрай бастағаным сол себепті", - дейді Нейля Петрова.
Нейля Петрованың банктердің біріне 106 мың теңге төленбеген несиесі бар.
© Sputnik / Айдана ДайыроваНейля Петрова несиелерін төлей алмай отырмын
Нейля Петрова несиелерін төлей алмай отырмын
© Sputnik / Айдана Дайырова
Көпбалалы отбасы айналадағы азық-түлік дүкендерінің бәріне қарыз. Олар қазір Неллиді есігінен де қаратпай, қарызын сұрап қыспаққа алып жүр.
"Дүкенге қарызым 200 мың теңге болды. Басқа дүкенге қарызым 120 мың. Дүкендер азық-түлік қазір бермейді. Бір әйел көмектесіп, 1000 - 2000 теңге салып тұрады. Балаларға нан мен айран аламын. Ай сайынғы алатын әлеуметтік көмек 200 мың теңге. Онымен дүкендердегі қарызымды, 70 мың теңге несиемді жабамын", - деп жалғызбасты ана еңірегенде етегі толды.
© Sputnik / Айдана ДайыроваКөпбалалы отбасы айналадағы азық-түлік дүкендерінің бәріне қарыз
Көпбалалы отбасы айналадағы азық-түлік дүкендерінің бәріне қарыз
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ал баспананың іші суық, балалар қыс бойы тоңып отыр. Есікке көрпе іліп жылытып әлек. Ең аяғы газ есептегіш құралын да ауыстыруға ақшасы жоқ. Ал қазіргі есептегіш құрал істен шыққан. Нейля Петрова енді газсыз қалам ба деп қорқады.
Петровтар отбасының жағдайын мектеп те, жергілікті әкімдік те біліп отыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваПетровтар отбасының жағдайын мектеп те, жергілікті әкімдік те біліп отыр
Петровтар отбасының жағдайын мектеп те, жергілікті әкімдік те біліп отыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Петровтардың отбасындағы жағдайды білеміз. Біз үнемі оқу құралы, киіммен қамтамасыз етіп келеміз. Мектептің өзінің қоры бар. Осындай мұқтаж жандарға қолұшын беріп отырамыз. Мен қазір тағы тапсырма беріп, бұл отбасыға тағы қандай көмек керек екенін жеке өзім қадағалаймын. Жыл басында оқушы балалардың аяқкиімін алып бергенбіз, бірақ анасы ол жыртылып қалғанын айтты. Балалардың жағдайын әрі қарай да міндетті түрде қадағалаймыз", - деді Казцик орта мектебінің директоры Әлия Қасымова.
© Photo : Айдана ДайыроваПетровтар отбасының жағдайын мектеп те, жергілікті әкімдік те біліп отыр
Петровтар отбасының жағдайын мектеп те, жергілікті әкімдік те біліп отыр
© Photo : Айдана Дайырова
Ал ауыл әкімдігі демеушілермен келісіп қойғанын айтады.
"Ауылымыздың қоры бар, мұқтаж жандарға көмір, азық-түлікпен көмектесіп тұрады. Алла жазса, бұл отбасыға да көмектесеміз. Бұған дейін де көмектесіп тұрдық. Бір-екі демеушіге айтып қойдық. Қазір жыл басы болғандықтан, демеушілер салық төлеп, қаражаттары болмай тұр. Кәсіпкерлердің жұмыстары енді басталып жатыр. Міндетті түрде Петровтардың отбасына көмектеседі", - дейді Казцик ауылының әкімі Бауыржан Жұмабаев.
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ауыл әкімдігі демеушілермен келісіп қойғанын айтады
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ауыл әкімдігі демеушілермен келісіп қойғанын айтады
© Sputnik / Айдана Дайырова
Мектеп директоры жағдайды өзі бақылайтынын айтты
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Мектеп директоры жағдайды өзі бақылайтынын айтты
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматыда 6 балалы жалғызбасты ана көмекке мұқтаж
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ауыл әкімдігі демеушілермен келісіп қойғанын айтады
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Мектеп директоры жағдайды өзі бақылайтынын айтты
3/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
P.S. Kaspi нөмірі: 8 707 494 93 53