https://sputnik.kz/20230129/shymkent-su-tasqynynyn-aldyn-aluga-dayyndalyp-zhatyr-31561539.html
Шымкент су тасқынының алдын алуға дайындалып жатыр
Шымкент су тасқынының алдын алуға дайындалып жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдің су тасқынының алдын алу шараларымен танысты. 29.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-29T17:45+0500
2023-01-29T17:45+0500
2023-01-29T17:45+0500
шымкент
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1d/31560876_0:1:3639:2048_1920x0_80_0_0_680114206d5929d03594d78c7edc75a7.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдің су тасқынының алдын алу шараларымен танысты.Әкім Тоғыс су қоймасына, Бадам өзеніне барды, сондай-ақ 2020 жылы үйлерді су шайып кеткен Елтай елді мекеніндегі каналдардың жай-күйін тексерді, деп хабарлайды Otyrar.kz. Барлық арналарда күн сайын су өткізгіш құбырларды қар мен мұздан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі, деп атап өтті басқарма басшысы. "Арналар түнде қатып қалады, ал таңертең қызметкерлер арналардан мұзды алып тастайды. Бүгінгі таңда барлығы дерлік су тасқыны жағдайларына дайын. Техника дайын, арналар дайын", - деп атап өтті Әйтенов. Оның айтуынша, 4 ақпанда қатты жаңбыр жауады. "Бәрі жақсы болады деп үміттенеміз. Арнайы штаб құрылды, оны менің орынбасарым Мақсұт Исахов басқарады. Кезекші бригада ең осал учаскелерде тұрақты жұмыс істейтін болады", - деп атап өтті Шымкент әкімі. Қала басшысы тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шараларды жүргізуге нұсқау берді.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/1d/31560876_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_7573b71452539702d6a99be73343bd76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, су тасқыны
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдің су тасқынының алдын алу шараларымен танысты.
Әкім Тоғыс су қоймасына, Бадам өзеніне барды, сондай-ақ 2020 жылы үйлерді су шайып кеткен Елтай елді мекеніндегі каналдардың жай-күйін тексерді, деп хабарлайды Otyrar.kz.
"Қазір жағдай бақылауда, бізде ұзындығы 310 киломер болатын 34 арна бар. Су қоймаларында су тасқынын қабылдау үшін қорлар жеткілікті", - деп атап өтті Шымкент қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Ержан Жолдасов.
Барлық арналарда күн сайын су өткізгіш құбырларды қар мен мұздан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі, деп атап өтті басқарма басшысы.
"Арналар түнде қатып қалады, ал таңертең қызметкерлер арналардан мұзды алып тастайды. Бүгінгі таңда барлығы дерлік су тасқыны жағдайларына дайын. Техника дайын, арналар дайын", - деп атап өтті Әйтенов.
Оның айтуынша, 4 ақпанда қатты жаңбыр жауады.
"Бәрі жақсы болады деп үміттенеміз. Арнайы штаб құрылды, оны менің орынбасарым Мақсұт Исахов басқарады. Кезекші бригада ең осал учаскелерде тұрақты жұмыс істейтін болады", - деп атап өтті Шымкент әкімі.
Қала басшысы тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шараларды жүргізуге нұсқау берді.