Иранда жер сілкініп, жүздеген адам зардап шекті

© AFP 2024 / SOHEIL FARAJIЗемлетрясение в Иране
Землетрясение в Иране - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Сенбіде Ирандағы Хой провинциясында 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, 664 адам зардап шекті, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
Батыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Садық Мутемедиянның айтуынша, зардап шеккендердің 16-сы Сельмас қаласындағы ауруханаға жеткізілді, ауыр жарақат алған 20 адам Хой қаласындағы ауруханаларға орналастырылды, алтауына операция жасалды.
Оның айтуынша, 70-ке жуық ауыл зардап шекті. Залалды бағалау үшін жер сілкінісінің эпицентрінен 30 шақырым радиусты қамтитын ауданға мамандар бригадасы жіберілді. Иран сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, кеше жергілікті уақыт бойынша 21.44-те болған жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 балл болды.
Хой қаласы мен Чапаре округіндегі жер сілкінісіне байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды.
Жаңалықтар
0