https://sputnik.kz/20230129/galym-ondiris-paydalanylgan-su-31551923.html
Павлодарлық ғалым өндірісте пайдаланылған суды кәдеге жарату тәсілін зерттеп жатыр
Павлодарлық ғалым өндірісте пайдаланылған суды кәдеге жарату тәсілін зерттеп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Павлодарлық ғалым өндіріс ошақтарында пайдаланылатын суды кәдеге жарату бойынша зерттеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта... 29.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-29T08:02+0500
2023-01-29T08:02+0500
2023-01-29T08:02+0500
қоғам
су
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23883581_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_65b551374ac98cc8a436e56f7b24708a.jpg
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Павлодарлық ғалым өндіріс ошақтарында пайдаланылатын суды кәдеге жарату бойынша зерттеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта ауқымды жоба әзірлеп жатыр.Ол үш ай ішінде облыстағы он шақты зауытта болып, мәліметтерді жинақтаған. Ендігі кезеңде мағлұматтарды сұрыптап, математикалық есептеулер жүргізеді, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.Ғалымның мақсаты – өндірістен кейінгі су ресурстарын тазартып, қайта пайдалану бойынша нақты ұсыныс дайындау."Екі мақсатымыз бар. Біріншісі – суды үнемдеу, екіншісі – зиянды қалдықтардың көлемін азайту. Алдағы уақытта әр кәсіпорын үшін бұл бағытта жүргізілген зерттеулердің нақты нәтижелері ұсынылады. Яғни, индустриялық зоналар мен зауыттардың мүмкіндіктерін есептеп, нақты мәліметтерді ұсыну. Дәл осындай зерттеу Қазақстанда бұрын-соңды жүргізілмеген", - дейді PHD докторы Иван Раделюк.Оның айтуынша, жинақталған суды ауыл шаруашылығына жұмсауға болады. Осылайша, тіршілік көзін үнемдеп, су тапшылығының алдын алуды көздеп отыр. Бұл технология сала үшін жаңалық емес. Кей кәсіпорындар пайдаланған суды қайта қолданып келеді.Десе де, мұндай өндіріс көп емес. Ғалым бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында 15 млн теңгенің грантын ұтып алған. Жергілікті университет жанындағы ғылыми-инновациялық хабта 100-ден астам жоба қолға алынған. Бүгінгі күні 30-дан астам зерттеу қатар жүргізіліп келеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23883581_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_48834e49994ff07a049dd5193930d947.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, ғалымдар
Павлодарлық ғалым өндірісте пайдаланылған суды кәдеге жарату тәсілін зерттеп жатыр
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Павлодарлық ғалым өндіріс ошақтарында пайдаланылатын суды кәдеге жарату бойынша зерттеу жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта ауқымды жоба әзірлеп жатыр.
Ол үш ай ішінде облыстағы он шақты зауытта болып, мәліметтерді жинақтаған. Ендігі кезеңде мағлұматтарды сұрыптап, математикалық есептеулер жүргізеді, деп хабарлайды
"Хабар 24" арнасы.
Ғалымның мақсаты – өндірістен кейінгі су ресурстарын тазартып, қайта пайдалану бойынша нақты ұсыныс дайындау.
"Екі мақсатымыз бар. Біріншісі – суды үнемдеу, екіншісі – зиянды қалдықтардың көлемін азайту. Алдағы уақытта әр кәсіпорын үшін бұл бағытта жүргізілген зерттеулердің нақты нәтижелері ұсынылады. Яғни, индустриялық зоналар мен зауыттардың мүмкіндіктерін есептеп, нақты мәліметтерді ұсыну. Дәл осындай зерттеу Қазақстанда бұрын-соңды жүргізілмеген", - дейді PHD докторы Иван Раделюк.
Оның айтуынша, жинақталған суды ауыл шаруашылығына жұмсауға болады. Осылайша, тіршілік көзін үнемдеп, су тапшылығының алдын алуды көздеп отыр. Бұл технология сала үшін жаңалық емес. Кей кәсіпорындар пайдаланған суды қайта қолданып келеді.
Десе де, мұндай өндіріс көп емес. Ғалым бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында 15 млн теңгенің грантын ұтып алған. Жергілікті университет жанындағы ғылыми-инновациялық хабта 100-ден астам жоба қолға алынған. Бүгінгі күні 30-дан астам зерттеу қатар жүргізіліп келеді.