Өңірлер

Дәрігерлер демалыс базасында зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2023
Жазылу
Он алты жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр
АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. Ақтөбелік дәрігерлер қарда жүретін көлік қаққан адамдардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Диапазон".
Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы бала амбулаториялық емделуге жіберілді, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылған.
Зардап шеккен үш бала, соның ішінде бір жасар сәби травматология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың миы шайқалған, бас сүйек-ми жарақатын алған, жағдайлары – орташа ауыр.
Ал 16 жастағы қыз қазір жансақтауда жатыр, жағдайы – ауыр, бірақ тұрақты.
Жарақат алған 49 жастағы ер адамның жағдайы туралы әзірге мәлімет жоқ.
Еске салсақ, трагедия 28 қаңтар күні түсте Ақтөбеде болды.
Демалыс базасы аумағында 2007 жылғы бала қарда жүретін Lynx көлігімен бір топ адамды қағып кеткен. Салдарынан 40 жастағы әйел қаза болды, 49 жастағы ер адам және кәмелетке толмаған бес бала, соның ішінде бір жасар сәби, ауруханаға жеткізілді.
Тергеу жүріп жатыр.
Ақтөбедегі демалыс базасында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2023
Өңірлер
Ақтөбедегі демалыс базасында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті
Жаңалықтар
0