Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен баласын пышақтады - іс сотқа жіберілді

© Sputnik / Абзал КалиевСудебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева
Судебное разбирательство в отношении экс-заместителей министра энергетики - Гани Садибекова и Бакытжана Джаксалиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Оқиға Ақтөбе облысының Жаңақоныс кентінде өткен жылдың қазан айында болған, деп хабарлайды "Мой город".
Мектеп директорының ісі сотқа жіберілді. 37 жастағы ер адам жұбайымен жанжалдасып, әйелі мен 8 жастағы өгей қызына пышақ салған. Директордың жұбайы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Жүкті әйел мен жеткіншек жеңіл дене жарақаттарын алған.
Отбасының проблемасын пышақпен шешпек болған директор мектепте басшы болғанына 6 ай болған. Оған дейін аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс істеді.
"Ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүкті әйел мен кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр", - деді сол кезде прокурор.
Келесі күні іс сотқа жіберілді, алдын-ала тыңдау екінші ақпанға тағайындалды.
Жаңалықтар
0