https://sputnik.kz/20230128/su-tasqynyna-dayyndyq-zhonindegi-ukimettik-komissiya-quryldy-31548405.html
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау... 28.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-28T16:25+0500
2023-01-28T16:25+0500
2023-01-28T16:25+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/502/80/5028054_0:424:1100:1043_1920x0_80_0_0_7b8ce7336c01ec8000891966202b3dcf.jpg
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, мұз күрт еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.Премьер-министр өңірлердің әкімдіктеріне ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды."Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы үкімет комиссиясыжұмысын бастайды", — деді Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/502/80/5028054_0:321:1100:1146_1920x0_80_0_0_6573e269c9860617b19f094467f94185.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады. Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, мұз күрт еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.
Премьер-министр өңірлердің әкімдіктеріне ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.
"Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы үкімет комиссиясыжұмысын бастайды", — деді Смайылов.