https://sputnik.kz/20230128/soltustik-qazaqstanda-29-mln-tengenin-elektr-energiyasy-urlandy-31547556.html
Солтүстік Қазақстанда 29 млн теңгенің электр энергиясы ұрланды
Солтүстік Қазақстанда 29 млн теңгенің электр энергиясы ұрланды
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 28 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында арам пиғылдытұтынушылар29 млн теңгенің электр энергиясын ұрлады, деп хабарлады "Севказэнерго"АҚ... 28.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-28T14:41+0500
2023-01-28T14:41+0500
2023-01-28T14:42+0500
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/450/38/4503807_0:241:2787:1808_1920x0_80_0_0_bfff493da3828ca8aa6c0b31a1a40c34.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 28 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында арам пиғылдытұтынушылар29 млн теңгенің электр энергиясын ұрлады, деп хабарлады "Севказэнерго"АҚ баспасөз қызметі."Өткен жылы "Солтүстік Қазақстан АЭК" АҚ осындай 84 заң бұзушылықты анықтады. Заңсыз пайдаланылған 1,5 млн кВт 29 млн теңге шығынға батырды", - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.Энергетиктер үнемі тексеріс жүргізетіндіктен барлық ұрлық фактісі ашылатынын айтады. Бұлай үнемдейтін тұтынушылар жауапкершілікке тартылады, тіпті кейбіреулерісот алдында жауап беруге мәжбүрболады.Мұндай заң бұзушылар заңды тұлғалар арасында да жетерлік.Қаңтарда мамандар Әуезов көшесіндегі тұрғын үйде орналасқан дүкенде электрді ұрлаған осындай заңды тұлғаны анықтады. Ол электр қазандығы мен нысанның электрін "сұр схема" етіп қосып алған. Кәсіпкер өз бизнесі мен тұрғын үй ғимаратының қауіпсіздігі туралы ойламаған. Нәтижесінде ол кінәсін мойындап, 4 млн теңге айыппұл төледі."Солтүстік Қазақстан АЭК" АҚ коммерциялық есепке алу аспаптары арқылы емес, желілерге өз бетінше қосылу электр жабдығының жұмысындағы зақымдарға әкелетінін және бұндай жағдай оның көршілері үшін өрт қаупін тудыратынын ескертеді. Мұндай әрекеттер экономикалық шығынға әкеп соғады.Энергетиктер тұтынушылардан электрге заңсыз қосылғандар анықталған жағдайда кәсіпорынның арнайы сенім телефондарына хабарласуды сұрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/450/38/4503807_27:0:2758:2048_1920x0_80_0_0_bdb69366d80f99ab914f8a93167fc02e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
ПЕТРОПАВЛ, 28 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында арам пиғылдытұтынушылар29 млн теңгенің электр энергиясын ұрлады, деп хабарлады "Севказэнерго"АҚ баспасөз қызметі.
"Өткен жылы "Солтүстік Қазақстан АЭК" АҚ осындай 84 заң бұзушылықты анықтады. Заңсыз пайдаланылған 1,5 млн кВт 29 млн теңге шығынға батырды", - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Энергетиктер үнемі тексеріс жүргізетіндіктен барлық ұрлық фактісі ашылатынын айтады. Бұлай үнемдейтін тұтынушылар жауапкершілікке тартылады, тіпті кейбіреулерісот алдында жауап беруге мәжбүрболады.
"Жеке сектордағы рейдтер барысында меншік иесі тоқпенжылитын қазандықтарға электр желісін қолмен қосқаны анықталды, олесептегіштің жанынан шығынды есептемейтін электр желісін жасап қойған. Көп пәтерлі үйлерде де "шеберлер" бар: олар электр энергиясының есептегішіне емес, желіні бірден қалқанға қосып қойған. Ал көршілер дәл пәтерлерінің жанында өрт болу қаупі барын білмейді де", - деп атап өтті компания.
Мұндай заң бұзушылар заңды тұлғалар арасында да жетерлік.
Қаңтарда мамандар Әуезов көшесіндегі тұрғын үйде орналасқан дүкенде электрді ұрлаған осындай заңды тұлғаны анықтады. Ол электр қазандығы мен нысанның электрін "сұр схема" етіп қосып алған. Кәсіпкер өз бизнесі мен тұрғын үй ғимаратының қауіпсіздігі туралы ойламаған. Нәтижесінде ол кінәсін мойындап, 4 млн теңге айыппұл төледі.
"Солтүстік Қазақстан АЭК" АҚ коммерциялық есепке алу аспаптары арқылы емес, желілерге өз бетінше қосылу электр жабдығының жұмысындағы зақымдарға әкелетінін және бұндай жағдай оның көршілері үшін өрт қаупін тудыратынын ескертеді. Мұндай әрекеттер экономикалық шығынға әкеп соғады.
Энергетиктер тұтынушылардан электрге заңсыз қосылғандар анықталған жағдайда кәсіпорынның арнайы сенім телефондарына хабарласуды сұрайды.