Денсаулық

Өткен тәулікте 59 адам коронавирус жұқтырды

© AP Photo / Alexandr KulikovАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 59 адамнан коронавирус табылды. Тағы екі адам ковидтік пневмонияға шалдықты, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
28 қаңтардағы мәлімет бойынша 1 731 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Соның ішінде 111 пациент стационарда, 1 620 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Денсаулық
Қазақстанда "кракен" штамы бар ма – вице-министр жауабы
Жаңалықтар
0