https://sputnik.kz/20230128/almaty-urlangan-avtokolik-shymkent-31546701.html
Алматыда ұрланған жеңіл автокөлік Шымкенттен табылды
Алматыда ұрланған жеңіл автокөлік Шымкенттен табылды
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Алматыда "Дарабоз" шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан "Хюндай" көлігі ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz. 28.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-28T14:56+0600
2023-01-28T14:56+0600
2023-01-28T14:56+0600
өңірлер
алматы
автокөлік
шымкент
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/94/84/948463_0:313:6000:3688_1920x0_80_0_0_fc16a5631174d6189791c2f2a5797ccb.jpg
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Алматыда "Дарабоз" шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан "Хюндай" көлігі ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияға шағымданған әйел көлігінің 4 сағатта жоғалып кеткенін айтқан."Күдікті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ол көліктің нөмірін ауыстырған. Күдік тудырмас үшін қаскөй ұрланған көлікке дәл сондай "Хюндай" көлігінің нөмірін орнатқан. Күдікті Шымкентте ұсталды", — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.Ұсталған жігіттің айтуынша, көлікті ұрлауға жәбірленушінің 2000 жылғы ұлы тапсырыс берген. Күдікті мен көлік иесінің ұлы дос болып шықты.Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.Полицияның болжамынша, жастар сақтандыру төлемін алу үшін ұрлықты алдын ала жоспарлаған болуы мүмкін.
алматы
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/94/84/948463_334:0:5667:4000_1920x0_80_0_0_c24dcca84c6785f986fe80f186031394.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
алматы, автокөлік, шымкент
алматы, автокөлік, шымкент
Алматыда ұрланған жеңіл автокөлік Шымкенттен табылды
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Алматыда "Дарабоз" шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан "Хюндай" көлігі ұрланды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полицияға шағымданған әйел көлігінің 4 сағатта жоғалып кеткенін айтқан.
"Күдікті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ол көліктің нөмірін ауыстырған. Күдік тудырмас үшін қаскөй ұрланған көлікке дәл сондай "Хюндай" көлігінің нөмірін орнатқан. Күдікті Шымкентте ұсталды", — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Ұсталған жігіттің айтуынша, көлікті ұрлауға жәбірленушінің 2000 жылғы ұлы тапсырыс берген. Күдікті мен көлік иесінің ұлы дос болып шықты.
Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицияның болжамынша, жастар сақтандыру төлемін алу үшін ұрлықты алдын ала жоспарлаған болуы мүмкін.