https://sputnik.kz/20230127/ush-zhylda-mynnan-astam-shaqyrym-temirzhol-salynady-qtzh-31537198.html
Үш жылда мың шақырымнан астам жол салынады - ҚТЖ басшысы
Үш жылда мың шақырымнан астам жол салынады - ҚТЖ басшысы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. 27.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-27T18:41+0500
2023-01-27T18:41+0500
2023-01-27T18:43+0500
теміржол
қтж
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29407949_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_4dda789e87f3fb0b96debc8dc9319fdc.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.Мемлекет басшысына ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі, теміржол саласын дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспары, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді. "Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамының жүк тасу айналымы 252 миллиард тонна-шақырымға дейін артты. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіші. Жиырма пұттық эквивалентпен есептегенде, жалпы контейнермен тасымалдау көлемі 1,129 мыңға дейін өсті", - деді Нұрлан Сауранбаев президентке.Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы жөнінде баяндады. Бұдан бөлек, "Қазақстан темір жолы" басшысы президентке халықаралық көлік дәліздерін дамыту және Ақтау, Құрық теңіз порттарының өткізу қабілетін кеңейту жұмыстарының барысы, сондай-ақ шетелдік ірі көлік-логистикалық компаниялармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде айтты.Кездесу соңында мемлекет басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20230106/poyyz-keshikse-ar-sagatqa-bilet-qunynyn-3-i-qaytarylady-30909310.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/11/29407949_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_c1b941767c2a6fb079bb4577d3331237.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, қтж
Үш жылда мың шақырымнан астам жол салынады - ҚТЖ басшысы
18:41 27.01.2023 (жаңартылды: 18:43 27.01.2023) АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижесі, теміржол саласын дамытудың алдағы кезеңге арналған жоспары, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.
"Қазақстан темір жолы" акционерлік қоғамының жүк тасу айналымы 252 миллиард тонна-шақырымға дейін артты. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіші. Жиырма пұттық эквивалентпен есептегенде, жалпы контейнермен тасымалдау көлемі 1,129 мыңға дейін өсті", - деді Нұрлан Сауранбаев президентке.
Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы жөнінде баяндады.
"Үш жылда барлығы 1285 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Бұл жүк тасымалы көлемін ұлғайтып, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол құрылысында пайдаланылатын қазақстандық өнімдер мен қызметтердің үлесі – 85 пайыз", - деді ҚТЖ басқарма төрағасы.
Бұдан бөлек, "Қазақстан темір жолы" басшысы президентке халықаралық көлік дәліздерін дамыту және Ақтау, Құрық теңіз порттарының өткізу қабілетін кеңейту жұмыстарының барысы, сондай-ақ шетелдік ірі көлік-логистикалық компаниялармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде айтты.
Кездесу соңында мемлекет басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.