Таразда университет оқытушысы пара алып жатқан жерінен ұсталды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
20 қаңтарда арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орнының бірінде 46 жастағы оқытушы өз кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Ол 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп, әрқайсынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткен.
"Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағы (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. Мүлкі тәркіленеді.
Жаңалықтар
0