https://sputnik.kz/20230127/qazaqstanda-vizarandy-alyp-tastady-peskov-oy-31530225.html
Қазақстанда "визаранды" алып тастады – шетелдіктер үшін не өзгереді
Қазақстанда "визаранды" алып тастады – шетелдіктер үшін не өзгереді
Sputnik Қазақстан
Жаңа шектеулер визамен келген иммигранттарға және уақытша тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге қатысты емес 27.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-27T16:41+0500
2023-01-27T16:41+0500
2023-01-27T16:49+0500
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27079990_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_f3588720c49de181b056adc9fab3ebe7.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қаңтардың 27-нен бастап Қазақстанда иммигранттардың елде болу ережелері өзгерді. Енді олар "визаранды" (Visa Run) пайдалана алмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұрын Қазақстанға визасыз кірген шетелдіктер елде болу мерзімін жаңарту үшін "визаранды" пайдаланған, яғни, Қазақстаннан шығып, қайта кірген. Осылайша, тағы біраз уақыт жүруге мүмкіндік болған. Жаңа тәртіпке сәйкес, Қазақстанға визасыз кіре алатын шетелдіктер елде 30 күн жүре алады. Бірақ 180 күнде (6 айда) жалпы елде болған уақыты 90 күннен аспауы шарт. Осы талап ЕАЭО азаматтарына да қатысты. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осы өзгеріске қатысты пікір білдірді. "Осы орайда маңызды бір нәрсені ұмытпау керек, ол жақта барлық жерде тұруға ықтиярхат алу бойынша механизм бар. Осылайша, ЕурАзЭС-ке кіретін мемлекеттердің тұрғындары үшін еркін жүріп тұру мүмкіндігі сақталады. Олар қай жерде тұратынын және жұмыс істейтінін емін-еркін таңдай алады. Иә, қазір ол жақта айтарлықтай көп адам жиналып қалды. Біреулер транзитпен барды немесе басқа елді таңдады. Мемлекетте ондай адамдардың есебін жүргізуге тырысып жатыр. Оны да түсінуге болады. Нақты қанша азаматтың жүргенін білгісі келеді. Ол үшін тұруға ықтиярхатты рәсімдеу керек", - деді Песков. Оның айтуынша, Ресей билігі үнемі байланыста. Айта кетері, жаңа шектеулер визамен келген иммигранттарға және уақытша тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге тарамайды. Олар құжатта көрсетілген мерзімдерді сақтауға міндетті.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27079990_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_fb329583c4abe44e689d41b8f161191f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстанда "визаранды" алып тастады – шетелдіктер үшін не өзгереді
16:41 27.01.2023 (жаңартылды: 16:49 27.01.2023) Жаңа шектеулер визамен келген иммигранттарға және уақытша тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге қатысты емес
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қаңтардың 27-нен бастап Қазақстанда иммигранттардың елде болу ережелері өзгерді. Енді олар "визаранды" (Visa Run) пайдалана алмайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұрын Қазақстанға визасыз кірген шетелдіктер елде болу мерзімін жаңарту үшін "визаранды" пайдаланған, яғни, Қазақстаннан шығып, қайта кірген. Осылайша, тағы біраз уақыт жүруге мүмкіндік болған.
Жаңа тәртіпке сәйкес, Қазақстанға визасыз кіре алатын шетелдіктер елде 30 күн жүре алады. Бірақ 180 күнде (6 айда) жалпы елде болған уақыты 90 күннен аспауы шарт. Осы талап ЕАЭО азаматтарына да қатысты.
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осы өзгеріске қатысты пікір білдірді.
"Осы орайда маңызды бір нәрсені ұмытпау керек, ол жақта барлық жерде тұруға ықтиярхат алу бойынша механизм бар. Осылайша, ЕурАзЭС-ке кіретін мемлекеттердің тұрғындары үшін еркін жүріп тұру мүмкіндігі сақталады. Олар қай жерде тұратынын және жұмыс істейтінін емін-еркін таңдай алады. Иә, қазір ол жақта айтарлықтай көп адам жиналып қалды. Біреулер транзитпен барды немесе басқа елді таңдады. Мемлекетте ондай адамдардың есебін жүргізуге тырысып жатыр. Оны да түсінуге болады. Нақты қанша азаматтың жүргенін білгісі келеді. Ол үшін тұруға ықтиярхатты рәсімдеу керек", - деді Песков.
Оның айтуынша, Ресей билігі үнемі байланыста.
"Біздің азаматтарымыздың құқығы сақталуы керек, бұл өте маңызды. Біз әріптестермен байланыстамыз, әрине, ол жөнінде сөйлесеміз", - деп атап көрсетті Песков.
Айта кетері, жаңа шектеулер визамен келген иммигранттарға және уақытша тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге тарамайды. Олар құжатта көрсетілген мерзімдерді сақтауға міндетті.