https://sputnik.kz/20230127/askerden-kelgender-universitette-tegin-oqi-alady-ministrlik-31528679.html
Әскерден келгендер университетте тегін оқи алады – министрлік
Әскерден келгендер университетте тегін оқи алады – министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Әскери борышын өтеп келген қазақстандық жастар жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады. Бұл ретте олардың ҰБТ-дағы... 27.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-27T16:18+0500
2023-01-27T16:18+0500
2023-01-27T16:18+0500
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_672ef558da83e7bb041fd3f6785a69ec.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Әскери борышын өтеп келген қазақстандық жастар жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады. Бұл ретте олардың ҰБТ-дағы балы ескерілмейді. Ал әскерде жоғары нәтиже көрсеткендер университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Орталық коммуникациялар қызметінде қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға арналған жеңілдетілген білім беру бастамасына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол 2022 жылы қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеп шыққан сарбаздарға білім беру жеңілдіктерін ұсыну бастамасын көтеріп, бұл бағытта үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. "Мерзімді әскери қызметін өткерген жастар күнтізбелік бір жыл ішінде ақылы негізде еліміздің барлық жоғары оқу орнына түсе алады. Бұл ретте олардың ҰБТ балы ескерілмейді. Тиісті өзгерістер ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілетін типтік қабылдау ережелеріне енгізілді. Бұл ережелер әділет министрлігінде келісуден өткен, қазір тіркеу сатысында тұр", - деді Төлембаева баспасөз мәслихатында.Ал жауынгерлік даярлық барысында үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар университет ұсынатын 100% жеңілдікті алады. Яғни оқу орнында тегін оқиды. Қазір 40 жоғары оқу орнымен осындай келісім бекітілген. Олар тегін білім алу үшін 3 мыңға жуық орын ұсынып отыр. Бұдан бөлек, әскери борышын өтеп келгендер жоғарғы оқу орындардың әскери кафедраларында емтихансыз тегін оқи алады. "Әскери қызметін өткергеннен кейін олар запастағы қатардағы жауынгер болады. Ал егер офицерлік шен алғысы келсе, әскери кафедраға түсіп, запастағы лейтенант атанады. Бір маңызды жаңалық – мерзімді әскери қызметін өтеген және жоғары нәтиже көрсеткен жастар конкурстық іріктеу негізінде Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына емтихан тапсырмай түсуге мүмкіндік алады", - деді Төлембаева. Қорғаныс министрі кеңесшісінің айтуынша, мұндай жеңілдіктерге ие болу үшін сарбаздар ХҚКО-дан мерзімді әскери қызметтен өткені туралы анықтама алып, әскери билеттің көшірмесімен бірге жоғары оқу орнына тапсыруға тиіс.
https://sputnik.kz/20230127/30-mynnan-astam-zhas-qazaqstandyq-askeri-borysh-31527242.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/11/31184371_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_8d080fa589e0a5465cc36476fa90f27a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскерилер
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Әскери борышын өтеп келген қазақстандық жастар жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады. Бұл ретте олардың ҰБТ-дағы балы ескерілмейді. Ал әскерде жоғары нәтиже көрсеткендер университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.
Орталық коммуникациялар қызметінде қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға арналған жеңілдетілген білім беру бастамасына тоқталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол 2022 жылы қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеп шыққан сарбаздарға білім беру жеңілдіктерін ұсыну бастамасын көтеріп, бұл бағытта үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.
"Мерзімді әскери қызметін өткерген жастар күнтізбелік бір жыл ішінде ақылы негізде еліміздің барлық жоғары оқу орнына түсе алады. Бұл ретте олардың ҰБТ балы ескерілмейді. Тиісті өзгерістер ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілетін типтік қабылдау ережелеріне енгізілді. Бұл ережелер әділет министрлігінде келісуден өткен, қазір тіркеу сатысында тұр", - деді Төлембаева баспасөз мәслихатында.
Ал жауынгерлік даярлық барысында үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар университет ұсынатын 100% жеңілдікті алады. Яғни оқу орнында тегін оқиды. Қазір 40 жоғары оқу орнымен осындай келісім бекітілген. Олар тегін білім алу үшін 3 мыңға жуық орын ұсынып отыр. Бұдан бөлек, әскери борышын өтеп келгендер жоғарғы оқу орындардың әскери кафедраларында емтихансыз тегін оқи алады.
"Әскери қызметін өткергеннен кейін олар запастағы қатардағы жауынгер болады. Ал егер офицерлік шен алғысы келсе, әскери кафедраға түсіп, запастағы лейтенант атанады. Бір маңызды жаңалық – мерзімді әскери қызметін өтеген және жоғары нәтиже көрсеткен жастар конкурстық іріктеу негізінде Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына емтихан тапсырмай түсуге мүмкіндік алады", - деді Төлембаева.
Қорғаныс министрі кеңесшісінің айтуынша, мұндай жеңілдіктерге ие болу үшін сарбаздар ХҚКО-дан мерзімді әскери қызметтен өткені туралы анықтама алып, әскери билеттің көшірмесімен бірге жоғары оқу орнына тапсыруға тиіс.