https://sputnik.kz/20230127/120-myn-tenge-nege-zhetedi-tarazda-zhumysshylar-zhalaqyny-koterudi-talap-etti-31513419.html
"120 мың теңге неге жетеді?": Таразда жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті
"120 мың теңге неге жетеді?": Таразда жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті
Sputnik Қазақстан
Мекеме басшылары биыл жалақының мөлшері 10 пайыз өскенін айтты 27.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-27T10:39+0500
2023-01-27T10:39+0500
2023-01-27T10:39+0500
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29828057_0:126:2869:1740_1920x0_80_0_0_6d3321b2daf7de21f7b1473dfcd07672.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының орталығында "Таразэнергоорталығы" мекемесінің жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Мекеме ғимаратының алдына ондаған адам жиналып, наразылығын білдірді, деп хабарлады Almaty.tv.Басты талап – жалақыны кем дегенде 30 пайызға көтеру. Қызметкерлердің айтуынша, қазір олар 100-120 мың теңге ғана алады. Бірақ ол күнкөріске жеткіліксіз."Менің айлығым – 128 мың теңге. Өзге компанияның слесары 230 мың айлық алады. Менің айлығым бала-шағаны бағуға жетпейді, 6 балам бар", – деді "Таразэнергоорталығының" қызметкері Жұмағали Оразалиев.Ал мекеме басшылары биыл жалақының мөлшері 10 пайыз өскенін айтып, жұмысшыларды сабыр сақтауға шақырды. Қызметкерлердің өтінгеніндей айлықты 30 пайыз көтеруге мүмкіндік жоқ, себебі жалақы мөлшері тариф құнына тәуелді көрінеді."Жалақыны 10 пайыз көтердік, қанағаттанбай, бірден 30 пайыз көтеруді сұрап жатыр. Өтінім берілген соң мәселе қаралуы керек. Жұмысшылар наразылық танытты екен деп жалақыны көтере салмайды. Оның бәрі тарифке байланысты. Антимонополиялық комитет тарифті қымбаттатуға мүмкіндік бермейді. Ұсынысты әлі қарастырамыз", – деді "Таразэнергоорталығы" бас инженерінің орынбасары Мақсат Сәрсенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29828057_595:710:2379:2048_1920x0_80_0_0_ad8ebed15331e2c372aded45f51ce8b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
"120 мың теңге неге жетеді?": Таразда жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті
Мекеме басшылары биыл жалақының мөлшері 10 пайыз өскенін айтты
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының орталығында "Таразэнергоорталығы" мекемесінің жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Мекеме ғимаратының алдына ондаған адам жиналып, наразылығын білдірді, деп хабарлады
Almaty.tv. Басты талап – жалақыны кем дегенде 30 пайызға көтеру. Қызметкерлердің айтуынша, қазір олар 100-120 мың теңге ғана алады. Бірақ ол күнкөріске жеткіліксіз.
"Барлығымыз 120 мың теңге айлық алып отырмыз. Соған 10% қостық дейді. Күнкөріс қазір қиындап кетті ғой, 120 мың теңгемен кім өмір сүре алады?" – деді "Таразэнергоорталығының" қызметкері Жомарт Жұмабеков.
"Менің айлығым – 128 мың теңге. Өзге компанияның слесары 230 мың айлық алады. Менің айлығым бала-шағаны бағуға жетпейді, 6 балам бар", – деді "Таразэнергоорталығының" қызметкері Жұмағали Оразалиев.
Ал мекеме басшылары биыл жалақының мөлшері 10 пайыз өскенін айтып, жұмысшыларды сабыр сақтауға шақырды. Қызметкерлердің өтінгеніндей айлықты 30 пайыз көтеруге мүмкіндік жоқ, себебі жалақы мөлшері тариф құнына тәуелді көрінеді.
"Жалақыны 10 пайыз көтердік, қанағаттанбай, бірден 30 пайыз көтеруді сұрап жатыр. Өтінім берілген соң мәселе қаралуы керек. Жұмысшылар наразылық танытты екен деп жалақыны көтере салмайды. Оның бәрі тарифке байланысты. Антимонополиялық комитет тарифті қымбаттатуға мүмкіндік бермейді. Ұсынысты әлі қарастырамыз", – деді "Таразэнергоорталығы" бас инженерінің орынбасары Мақсат Сәрсенбаев.