https://sputnik.kz/20230126/toqaev-zhogargy-sot-toragasyn-qabyldady-31501381.html
Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 26.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-26T20:47+0500
2023-01-26T20:47+0500
2023-01-26T20:47+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30269985_2:0:1278:718_1920x0_80_0_0_9f04c48a54a8409322839abae1414c65.jpg
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Асламбек Мерғалиев президентке заң үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған сот реформасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ реформа жөніндегі ұсыныстардың шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақмерзімді міндеттер секілді үш топқа бөлінетінін атап өтті. Шұғыл шаралар аясында міндетті түрде оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдарын ашу, анағұрлым шетін салалар бойынша жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын жаңарту мәселелері жоспарланған. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, істі сотқа дейінгі қарау сатысына тиімді сот бақылауын енгізу, мемлекеттік сатып алу, салық салу және жеке сот орындаушыларының қызметі салаларында әкімшілік істердің қаралу мерзімін қысқарту мәселелері заңнамалық бастамаларға жатады. Қазіргі уақытта парламент қарауында екі заң жобасы жатыр. Олар сот төрағаларын сайлау арқылы таңдау тәртібін енгізуге, күштік құрылымдардың судьяларға қысым жасау жолдарын жоюға, жоғарғы сот кеңесінің құзыретін күшейтуге және ювенальді соттардың қарауына жататын істердің аясын кеңейтуге бағытталған. Бұдан бөлек, қылмыстық процесте тараптардың жарыспалылығы қағидатын қамтамасыз етуге және заңды өрескел бұзғаны үшін судьяларды жауапкершілікке тарту механизмдеріне қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр. Кездесу соңында мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі жетілдіру шараларын сапалы жүзеге асыру қажет екеніне назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30269985_162:0:1119:718_1920x0_80_0_0_bd6694954d90f9be3c02ac8df704b036.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АЛМАТЫ, 26 қаңтар - Sputnik. Президент жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Асламбек Мерғалиев президентке заң үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған сот реформасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді.
Сондай-ақ реформа жөніндегі ұсыныстардың шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақмерзімді міндеттер секілді үш топқа бөлінетінін атап өтті.
Шұғыл шаралар аясында міндетті түрде оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдарын ашу, анағұрлым шетін салалар бойынша жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын жаңарту мәселелері жоспарланған.
Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, істі сотқа дейінгі қарау сатысына тиімді сот бақылауын енгізу, мемлекеттік сатып алу, салық салу және жеке сот орындаушыларының қызметі салаларында әкімшілік істердің қаралу мерзімін қысқарту мәселелері заңнамалық бастамаларға жатады.
Қазіргі уақытта парламент қарауында екі заң жобасы жатыр. Олар сот төрағаларын сайлау арқылы таңдау тәртібін енгізуге, күштік құрылымдардың судьяларға қысым жасау жолдарын жоюға, жоғарғы сот кеңесінің құзыретін күшейтуге және ювенальді соттардың қарауына жататын істердің аясын кеңейтуге бағытталған.
Бұдан бөлек, қылмыстық процесте тараптардың жарыспалылығы қағидатын қамтамасыз етуге және заңды өрескел бұзғаны үшін судьяларды жауапкершілікке тарту механизмдеріне қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр.
Кездесу соңында мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі жетілдіру шараларын сапалы жүзеге асыру қажет екеніне назар аударды.