Қазақстандық студенттердің магистратурада оқуды жалғастыруға ынтасы төмен - зерттеу

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуБольшой этнографический диктант в России
Большой этнографический диктант в России - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жыл сайын қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді.
Биыл жоғары оқу орындары 19 критерий бойынша бағаланды. Критерийдің бірі – оқуды магистратурада жалғастыру. Сұралған 81 393 түлек ішінен 9 287-сі магистрант болған. Яғни, 11,4%-і бакалавриатты бітіргеннен кейін білім берудің келесі сатысына өткен.
"Бұл критерий жекелеген білім беру бағдарламалары ішінде магистратура тартымдылығының төмендігін көрсетеді. Осындай тенденция келешекте отандық жоғары оқу орындарында жоғары білікті оқытушылардың тапшылығына әсер етеді", - дейді "Атамекен" ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов.

Қай мамандықтар бойынша магистратураға сұраныс аз?

Мәдени-демалыс жұмысы мамандығы бойынша түлектердің тек 0,3%-ы оқуын магистратурада жалғастырады. Музыкалық білім, кітапхана ісі, стоматология 2%-ды ғана құрайды. Дизайн, сәулет дизайны, графикалық дизайн, статистика, технология және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын жобалау, сән дизайны – 3%. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық, қаржы саласы– 4%. Мейірбике ісі, есеп және аудит, құқықтану, бейнелеу өнері және сызу, психология, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану – 5%.
Түлектері магистратурада оқуды жалғастырған көшбасшы университеттер:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
С.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті;
Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет;
Астана медициналық университеті.
Рейтинг жұмысына 200-ден астам салалық сарапшы қатысқан. Барлығы 2040 білім беру бағдарламасына тәуелсіз зерттеу жүргізілді. 81 393 түлектің деректері талданды, нәтижесінде 97 оқу орны бойынша 2 мыңнан астам сараптамалық қорытынды жасалды.
Мұндай талдау осымен биыл бесінші рет жасалып отыр.
Жаңалықтар
0